«Қарттарым аман сау болшы»
"AMANAT" партиясы Жаңақала аудандық филиалының желілік кестесіне сай Жаңақала ауданы "Көпжасар" БПҰ Көпжасар ауылдық модельді кітапханасында «Қарттарым аман сау болшы» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандарымен қоса, Сүйінішқалиева Алма Сатқалиқызы қатысты. Шараға қатысушылар Алма Сатқалиқызына сұрақ қойып, жауап алды. Сонымен қатар, Хайров Нұртас «Жұмыр қылыш» күйін, Иманғалиев Медет «Көпжасарым» әнін, Бекежанқызы Назерке «Алғыс» әнін Диас Мирасұлы «Балбырауын» күйін тарту етті. Шарамыздың негізгі мақсаты — жас буынды адамгершілікке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлауға, қарияларды құрметтеуге шақыру.
#AMANAT
