Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПРАГМАТИЗМ - МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕНІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

Осындай атауымен бүгін Бисен ауылындағы "Салтанат" балабақшасының ұжымы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Алдымен мекеме басшысыв З.Аманғалиев сөз алып: - Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан шағында халыққа өз Жолдауын жасады. Аталған Жолдауда елімізің әрі қарай дамуы үшін бірқатар маңызды бағыттар айқындалып, нақты тапсырмалар берілді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет екендігін тағы да дәлелдеп, тұрғындар көтерген әлеуметтік-маңызды салаларға да тың серпін беретін жобаларды ұсынды. 2022 жылғы Жолдаудың ерекшелігі жылдағыдан ауқымы кең, мазмұнды болды. Білім саласына аса назар аударып, «тәрбие тал бесіктен басталады» деп бастады. Біріншіден, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру керек. Сондай-ақ, мектептерде сапалы білім берудің маңыздылығы айтылды. Президент Жолдауының ел халқының күнделікті өмірінің осындай маңызды аспектілерін қозғағаны қуантады, -деп әрістестерін талықалуға шақырды.

Одан ұжым мүшелері саяси құжат жөнінде өздерінің пікірлерін білдірді.

Жиын қорытындысымен білім саласы қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, алдағы күндердегі міндеттерді жұмыла орындауға жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

0
0
195

Еще по теме