Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ПРИРЕЧНЫЙ АУЛЫНДА

Приречный бастауыш партия ұйымының төрағасы Сабырғали Саматов бастаған ақпараттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиын мақсаты – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономиканы түбегейлі реформалау жолындағы мемлекеттік басқару жүйесіне қажетті жаңа серпілісті, саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керектігін жұртшылыққа кеңінен түсіндіру.

Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажеттігі жайындағы мемлекет басшысының бастамасы қоғам тарапынан үлкен қолдау тапқаны айтылды.

Жиынға қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, Жолдауда айтылған маңызды бастамаларға үлкен сенім бiлдіретіндеpін жеткiзді.

#AMANAT

0
0
147

Еще по теме