Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

Бүгін Бөрлі ауылдық мәдениет үйінде ақпараттық топтың мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Исетай Габдуллин ауылда орналасқан "Боранбай", "Есет", "Нарын" шаруа қожалығының қызметкерлері және ауылдағы басқа қожалықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауынан туындайтын іс-шараларға тоқталып, оның Жолдауда айтылған кезектен тыс Президент сайлауының маңызына тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған "Боранбай" шаруа қожалығының жетекшісі Мырзабай Боранбаев соңғы жылдардың өзінде ауыл, аудан, қала берді республика көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатырған жұмыстар, мал басының көбеюі, мемлекеттік беріліп жатырған түрлі қолдау шараларының барлығы жүргізіліп жатырған саясаттың оң бағыттарының бірі екендігін айтып, қоғамдық өмірге бей-жай қарамайтын әр азамат кезектен тыс сайлауға қатысып, өзінің азаматтық позициясын білдіруі қажет екендігін жеткізді.

Жоғары да сөйлеген әріптестеріне толып қосылатынддықтарын жеткізген шараға қатысушылар, "жақсы күнде жолығайық!" деп тарқасты.

0
0
163

Еще по теме