Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

ЖАБАҚ БАСЫН ШАЙҚАЙДЫ

ЖАБАҚ БАСЫН ШАЙҚАЙДЫ Ертең каникулға шығаратынын әр баланың iшi сезiп, қатты қуанып жүр. Әншейiнде бiрiн-бiрi түртiп қалса: «Ағайға айтам!» – деп арыз ала жүгiретiн қыздар да ұлдармен алысып, тiптi бiреулерi қойып кеп қалады. Ал кластағы әйгiлi тентектер қағып кету, талып кетудi мiсе тұтпай, басын жарға соғып, еденге жата қалып аунап, жылқыша кiсiнеп, құлынша шыңғырып, терезеден секiрiп кеткелi жүр. Әрине, бұл тентектiк болғанымен, қуаныш. Тек Жабақ қана екi жағын таянып, ойланып отырған адамша, мына насай-топыраға көңiлсiз қарап отыр. Анда-санда маңдайын шапалақпен салып қалып, басын ұзақ шайқайды. Бүкiл класқа естiлетiндей ғып таңдайын қағады. Әр балаға: «Әй, адам болмайсыңдар-ау, боздақтарым-ай! Мына түрлерiңмен...» – дегендей кейiппен қарап отырған қария сияқты. Жабақтың көңiлсiз отыр…

0
0
450

СУ АСТЫНДАҒЫ КӨПIР

СУ АСТЫНДАҒЫ КӨПIР Жабақ оқитын мектеп көршi ауылда едi. Өз аулындағы мектептi баланың саны жетпейдi деп биылша жауып қойған. Аты бары ат мiнiп, жаяуы екi аяғын мiнiп, есегi бары есегiн мiнiп қатынайтын мектепке. Биыл қар қалың түсiп, көктем көл-көсiр су боп кеттi емес пе?! Екi арада өзен бар едi (Бұл өзеннiң ертедi суы болған, суында балығы да болған деседi). Осы өзен көктемде ғана су көрiп, өктем боп, содан ала жазда «аузы» құрғап, аяқ астында жататын. Дегенмен ауыл ағалары көктемнiң кейбiр тентек қылықтарын ескерiп, үстiнен көпiрсымақ жасап қойған. «Шолақ сай тез тасиды» дегендей, биыл әлгi өзен ауыздығымен алысып, сөзге келмей кеттi. Елде: «Көпiрдi алып кететiн болды-ау» деген үрей-үркiн әңгiме боп жатқанын оқушылар да естiп жүрген. Бiр күнi сабаққа келе жатқан балалар аман-есен тұрға…

0
0
750

ЖЕТI ШАЛ

Оспанхан ӘУБӘКIРОВ ЖЕТI ШАЛ Жабақ жетiге келгенше Сәрсенбi атасының арқасынан түспей, асқа барса асқа, тойға барса тойға барып, ауыл шалдарының арасында өстi. Ақ сақал, қара сақал қариялардың бәрiн бiрге ойнап жүрген достарындай жақсы бiледi. Сол Жабақ биыл атасының арқасынан түсiп, мектепке барған. Қазiр бiрiншi класта оқып жүр. Бiр күнi сабаққа кеткен Жабақ шашы жалбырап, танауы делдиiп, жеңiне сүрiнiп, етегiне шалынып жетiп келдi де: – Ата! – дедi мылтықтан атқандай. – Әу, қарағым, о не?! – дедi Сәрсенбi қарт, үрiккен танадай тапырақтап келген немересiне таңырқай қарап. – Бiздiң мұғалiм сабаққа жетi шал шақыратын болды. Iшiнде сiз де барсыз, – дедi Жабақ бiр сөзi бiр сөзiне сүрiнiп. Асығып-аптығып сөйлеп кеткен немересiнiң сөзiне атасы дұрыс түсiне алмады. – Күшiк-ау, сөзiңнiң «қабығын…

1
0
1727

ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Оспанхан ӘУБӘКIРОВ

ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Жабақ бiр күнi таң атпай тұрып алып жылады. Осы кезде апасы оянып:

– Неге жылап отырсың, алтыным? – деп сұрап едi, баласы:

– Қытығым келiп отыр, а-а-а, – деп әндете бердi

– Қытығы келсе жылай ма екен, күлмей ме, көкесi  деп таң қалды апасы.

– Қытығым әлi келген жоқ, бiрақ келетiн уақыт болды. Қытығым келгенде қатты күлем. Содан қорқып жылап отырмын, – дедi Жабақ одан әрi дарылдап.

«Ұйқысырап отыр ма, әлде бiрдеңе сұраудың ыңға-йын таба алмай отыр ма» деп ойланды да, апасы:

– Не iстеймiз ендi? Бiрдеңе жесең, қытығың кете ме екен? – деп сұрады.

– Бiр-екi кәмпит болса, қытығым келмес едi, а-а-а, деп үдете жылады Жабақ.

Апасы не күлерiн бiлмей, не ұрсарын бiлмей, кәмпит әкелiп берiп едi, Жабақ күлiп жiбердi. Шамасы қытығы келсе керек.

0
0
856

МЫСЫҚ АРБА

Оспанхан ӘУБӘКIРОВ МЫСЫҚ АРБА Жабақтың ала мысығында маза жоқ. Жабақ оны ертеңнен қара кешке дейiн нан илегендей илейдi. Ала мысық етi үйренiп, көндiгiп кеткендiктен бе, қала жұмарласа да былқ етпейдi. Жабақ кейде құйрықтан ұстайды да, ыңқ еткiзiп алып ұрады. Бұ да түк емес, ала мысық басын сiлкiп-сiлкiп қойып, жүре бередi. Құя ұзын Жабақ мысығын киiз қаққандай қағып, жүн түткендей түтiп, кешкi тамағын iшуге мұршасы келмей, тұмсығынан сүрiнiп жығылады. Ал ала мысық: «Мына мазасыз ұйықтады-ау. Ой, не деген тентек бала едi? – деп ойламайды. Маймаңдап келiп, Жабақтың аяқ жағына бүк түсiп жатады да, пырылдай бередi. Ертесiне ала мысық елден бұрын оянса да, Жабақ тұрмайынша қозғалмайды. Бiр кезде Жабақ тұрады. Есiнейдi. Керiлiп, созылады. Көзiн уқалайды. Құлағын шұқылайды. Сосын аяқ жағында жа…

0
0
1244

БАСШЫ ҚҰЛАТЫЛДЫ

XXXIII тарау БАСШЫ ҚҰЛАТЫЛДЫ Ұлан-асыр, тудай үміттің тап oсындай тeз, көзді ашып жұмғанша бoлмай, күйрeп, тас-талқаны шығуын бұрын-сoңды eшкім көрді мe eкeн, сірә?! Алтауы да, бастарына жай түскeндeй, сілeйіп қатты да қалды. Алдымeн eсін жиған Сильвeр бoлды. Oсы қазынаға бір жeтсeм дeп, барын салып бағып eді, мінe, сoның бәрі әп-сәттe быт-шыт бoлды. Бірақ eсінeн танбады, бoйын тeжeп, басқа қарақшылар өздeрі душар бoлған қасірeт-бақытсыздықты әлі түсініп бoлмай жатып, бұл өзінің бoлашақ әрeкeттeрінің жoспарын тeз өзгeртіп, oйлап та үлгeрді. – Джим, мә, ұста мынаны жәнe сақ бoл, дайын тұр, – дeді oл сыбырлап, қoлыма қoс ауыз тапаншаны ұстата салып. Сoл eкі арада жәнe өзі бoс қарап тұрған жoқ, аяғын жай- барақат басып, баяу қoзғалып, сoлтүстік жаққа шықты, eнді бeс қарақшы апанның бір жағын…

0
0
676

ЖӘНE СOҢҒЫСЫ

XXXIV тарау ЖӘНE СOҢҒЫСЫ Кeлeсі күні таңeртeң біз жұмысқа eртe кірістік. Жағаға дeйін тoлық бір мильдeй жeр eкeн. Бар алтынымызды сoнда тасып апарып, oдан қайықпeн “Испаньoлаға” жeткізуіміз қажeт – ат төбeліндeй аз адам үшін бұл oңай жұмыс eмeс-тін. Әлі күнгe дeйін әлдeқайда арал кeзіп жүргeн үш қарақшыдан біз oнша қыңа қoймадық. Төбeнің ұшар басына бір адам қарауыл қoйсақ-ақ жeтіп жатыр – тұтқиыл шабуылдан қoрықпауымызға бoлады. Жәнe-дағы oлардың жаугeршілік қақтығысқа құштарлықтары да біразға дeйін oяна қoймас дeп тoпшыладық. Бәріміз дe дамыл көрмeстeн жұмыс істeп жүрміз. Грeй мeн Бeн Ганн алтынды қайықпeн кeмeгe тасыды, қалғандарымыз oны жағаға жeткізіп тұрдық. Eкі құйма алтынды арқанмeн байластырамыз да, бір-біріміздің иығымызға саламыз, өйткeні бір кісі eкі құймадан артық көтeрe алма…

0
0
432

«ҚАЛҒАНЫ КЕКIЛ БОЛСЫН...»

Оспанхан ӘУБӘКIРОВ «ҚАЛҒАНЫ КЕКIЛ БОЛСЫН...» Бекбатыр атай балалардың шашын алуды дәп бiр қызық кiтап оқығандай жақсы көредi. Алайда, атайдың шаштараздай қайшы, машинка секiлдi аспабы көп емес. Бұл кiсiнiң бар құралы – ұстара. Оның өзi нағыз ұстара емес, кiшкентай пышақ. Күндегiдей ұстарасын қайрап отыр едi, көшенiң аяғында тұратын Жабақтың жетiп келгенi. Атай шақырып алды да: – Балам-ау, шашың желкеңдi көмiп кетiптi ғой, сонша өсiргенiң не оны? Тез жiбiтiп жiбер, алып берейiн, – деп едi, Жабақ қиқалақтап: – Ертең шаштаразға алдырамын, – дедi. – Шаштараздың мәшинесiне тырнатпай-ақ, мен алып берейiн, жiбiт шашыңды, – деп атай бой бермеген соң, Жабақ амалсыз келiстi. Атай шекпенiнiң қалтасынан ұстарасын алып, тiзесiне жани бастап едi, Жабақ шошып кеттi: – Ата, мынауың пышақ қой! – О, жаман,…

1
0
814

ҚАРА ҚҰЛЫП

Сайын МҰРАТБЕКОВ ҚАРА ҚҰЛЫП Бiздiң үйде сыртын әшекейлеп сырлаған үлкен ала сандық бар. Сандықтың iшi неше түрлi кәмпиттерге толы. Бiрақ сол сандықтың аузында үлкен кiсiнiң қос жұдырығындай қара құлып тұрады. Қара құлып мелшиген, тастай суық. Сүйкiмсiз құ-лып. Зiп-зiлдей ауыр-ақ. Апам ол сандықты тым сирек ашады. Онда да үйге қонақ келе қалғанда дастарқанға жақсы кәмпит салу үшiн ашады. Жайшылықта құмартып жүретiн кәмпит-тердi мен де тек сол уақытта жей аламын. Бiр күнi бiздiң үйге апамның бауыры келдi. Ол кiсi өзiмен бiрге Жақан деген баласын да ала келiптi. Жақан менен бiрер жас үлкен. Бiз мәре-сәре боп, қуанысып қалдық. Жақанның келгенiне әсiресе мен қатты қуандым. Апам шай әзiрлеп, дереу әлгi сандығын ашты. Оның iшiнен тәттi кәмпиттерден уыс-уыс қып алып, дастарқанға салып жатыр. Менi…

1
0
4418

КIРПIШ

Сәкен ЖҮНIСОВ КIРПIШ Қаланың күнгей жақ шетi қашаннан құлазып, жатушы өзi. Ол тұста жазды күнi мал жайылатын, балалар асыр салып, доп ойнайтын. Ал қысты күнi әппақ қар басып, алай-түлей боран түтеп тұратын. Бiрлi-жарым бейсауат өткен ат-шаналы жүргiншiлер мен шаңғы тепкен балалардың айқыш-ұйқыш iздерi ғана жататын. Өткен жазда осы араға дүбiрлетiп көп құрылысшы келдi. Аспанмен тұтасқан тырна мойын жүк көтергiш крандар пайда болды. Көп ұзамай зәулiм биiк үйлер бой түзей бастады. Бұл ара Сәулелер тұратын ескi ағаш үйден онша қашық емес-тi. Бiрде Сәуле терезеден осылай қарап тұрды да: – Әке, анау үлкен-үлкен үйлер кiмдiкi? – деп сұрады. – Ол үйлердi бiзге салып жатыр. Бiткен соң, осында кiшкентай үйлерде тұратындар сонда көшедi, – дедi әкесi. – Ой, әке! Шын айтасың ба? – Шын айтам. – Розаның…

1
0
870