Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

САҚАУ БӘТЕҢКЕ

Сәкен ЖҮНIСОВ САҚАУ БӘТЕҢКЕ Бөтен үйдiң босағасына жаңа жеткен су жаңа бәтеңке жан-жағына тосырқай қарады. Өңшең ұсқынсыз, ескi-құсқы аяқ киiмдер табалдырықтан төр үйге қарай шашылып жатыр. Табаны сөгiлiп, тiстерi ырсиған салпы ауыз етiк, бiр жақ жамбасына қисайған құныс бәтеңке, қонышы бүктетiлiп мыжырайған пима. Қалай болса солай үйме-жүйме боп жатқан мұндай аяқ киiмдердi бұрын көрмеген жаңа бәтеңке таң қалды. Бiр кезде оның тап алдында тұрған бетi салтақ-салтақ, қисық өкше бiр бәтеңке сөйлеп қоя бердi. – Әй, сен қайдан келдiң, кiмнiң бәтеңкесiсiң? – Мен бе? – дедi жаңа бәтеңкенiң бiр сыңары, – мен Болаттың бәтеңкесiмiн, көршi ауылдан келдiм. Ал өзiң ше? – Мен, мен осы үйдегi Шолақ деген баланiкiмiн, – дедi бетiн тыржитып. – Ал шыққан жерiм – Алматы аяқ киiм фабрикасы. – Онда жерлес бол…

1
0
3590

ҚОС ҚЫРСЫҚ

ҚОС ҚЫРСЫҚ

Бiр күнi дастарқан басында екi қырсық ұшырасып қалды. Алдарында сынық сүйем шұжық бар едi.

– Сен тура, – дедi бiрiншiсi.

– Жоқ, сен тура, – дедi екiншiсi.

– Жоқ, сен тура.

– Сен тура...

Екеуi шұжықты бiрiне-бiрi итердi. Әрi-берi ығыстырып отырғанда, шұжық еденге түсiп кеттi. Ендi олар:

– Сен көтер.

– Жоқ, сен көтер, – деп ерегестi бiрiмен-бiрi. Ертеден берi терезе алдында басын қисайтып қызығып отырған мысық сол сәтте еденге секiрiп түстi де, шұжықты ала қашты.

– Ал, қу соңынан!

– Жоқ, сен қу! – деп, қос қырсық ауыздары аңқиып қала бердi.

1
0
544

ТӘРТIПСIЗ ЛАҚ

Нәсiреддiн СЕРАЛИЕВ ТӘРТIПСIЗ ЛАҚ Кеш. Аула төрiнде, үлкен терек көлеңкесiнде кiтап оқып отырғанмын. Кенет тарс-тұрс дыбыс шығып, басымды көтердiм. Қарасам, көршiмнiң бiрiншiде оқитын баласы өзiнiң лағын ышқынта қуалап жүр. Бiр кезде жеттi-ау лаққа. Мүйiзiнен ұстап алып, бас-көз демей төпеп жатыр. Осы кезде үйден әжесi шығып, оның қылығын көрдi де: – Әй, Төлтай, ұрма лақты! – деп айқайлады. Күтпеген жерден шыққан дауыстан селк ете түскен Төлтай лақтан айырылып қалды. Төнiп келген әжесiнен қашпай тымырайып тұр. – Неге ұрасың? Өй, тәртiпсiз! – Лақ тәртiптi ме? Неге еккен ағашымды құлатады?.. – деп ренжiсiн ұқтырды Төлтай. Қараймын, әлгiнде ғана құнжыңдап терезе түбiнде отырғызып жатқан жас ағашы құлап қалыпты, мұны көрген әжесi: – Жә, екеуiң де оңып тұрған жоқсыңдар... – дедi, қолын сiлтеп…

1
0
4365

ҚЫСҚЫ ЕРТЕГI

Мұхаметжан ЕТЕКБАЕВ ҚЫСҚЫ ЕРТЕГI Таң бозарып, жер жарық тарта бастаған кез едi. Түлкi жан-жағына жалтаңдай қарап, тауға қарай бет алып, жортып келе жатқан. Көз ұшындағы сонау бiр қожыр тасқа немесе оның күнбатыс жағындағы жықпыл-жықпылдың қалың бұтасына жетсе, жасырынып жатар едi. Күндiз тiптi елсiз жер болса да жортудың қауiптi екенiн жақсы бiледi. Бiрақ кездесе қалса, тамаққа тойған да жаман болмас едi. Сөйтiп, ол кең сайдың iшiмен әлi жортып келедi. Ертеңгi қызыл шұнақ аяз өңменiнен өтiп кетердей! Әсiресе батыстан соққан ызғырық қара тұмсығын қарып жiбергенде, шыдай алмай кетедi. Сонда да құдiрет, уақыт қайда?! «Қызыл тоным аман болса, аяз маған не iстемек? Аңшының көзiне түспей, ерте жөнелейiн. Тазысын қо-сып немесе бүркiтiн ұшырып... Кiм бiледi. Аманымда тауға шығып кетейiн», – деп,…

1
0
1186

ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ, АҒАШ ҚАЛАМСАП ЖӘНЕ БОЛАТ ҚАЛАМҰШ

Медеу СӘРСЕКЕЕВ ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ, АҒАШ ҚАЛАМСАП ЖӘНЕ БОЛАТ ҚАЛАМҰШ Ақ қаз су жағасында мамырлай жайылып жүр едi, құлағына шаң-шұң керiскен дауыс естiлдi. Дауыс шыққан жаққа мойын созып қараса, о, ғаламат, кәдiмгi ағаш қаламсап пен болат қаламұш! Екеуi терезенiң алдына шығып алып, бiрiне-бiрi кiжiнiп, салғыласып тұр. – Менiң пайдам адамға сенен гөрi он есе артық тиедi. Мен оның көңiлдегiсiн қағазға айнытпай жазып беретiн қолғанатымын. Менсiз сен түкке де аспайсың, – дейдi Қаламұш шiңкiлдек жiңiшке үнмен. – Мен болмасам, сия сауыттың iшiне күмп етiп, батып кетер едiң, болмаса иеңнiң қолын былғап, сөгiс естiп жатар едiң, – дейдi Қаламсап оған дау айтып. Ақ қаз бұл сөздердi естiп, өз-өзiнен мырс етiп күлiп жiбердi. Содан соң мойнын одан бетер созыңқырап: – Әй, достарым, сәл сабыр етiңдер. Екеуi…

1
0
1232

АҚСАЙ МЕН КӨКСАЙ

Шерхан МҰРТАЗА АҚСАЙ МЕН КӨКСАЙ Бiздiң ауыл Ақсайдың кақ басында, Күмiс жүген судырар ат басында. (Қазақ ауылының өлеңi) Көксайдың бойуун этектеп Мен коноюн, Бекбекей. Қара мақпал тоңуңа Жеңболоюн, Бекбекей... (Қырғыз айылының ыры) 1 Бiздiң ауылды Ақсай дейдi. Ал ел аузында Ақсаймен қатар Көксай да көп аталады. «Ау, мұның Ақсайы бiздiң ауыл болғанда, Көксайы қай жақта!» – деушi едiм өзiме-өзiм. Көп ұзамай Көксайды да көрдiк. Айша менi ерте оятты. Соғыстың үшiншi жылына аяқ басып бара жатқан кез. Құдайға шүкiр, бала болсақ та ерте оянуға үйренгенбiз. Қанша айтқанмен, таңғы тәттi ұйқыны қиып түрегелу ауыр-ақ. – Тұр, Барсхан. Қорғанбайдың апасы келдi, – дедi Айша. «Қорғанбайдың апасы» деп тұрғаны – Арзы. Ал Айша – менiң шешем. Тек әкей жастайымнан оның атын ататып үйреткен. Бүгiнде Арзының ү…

1
0
2324

ҒАЖАЙЫП ҚҰМЫРА

Зейнолла ШҮКIРОВ I Сарытөбенiң басына шыққан кезде артыма қайырылып бiр қарадым. Лагерьде қатты қорқатын адамым – Асан. Рұқсатсыз аяғыңды қия бастырмайды. Сондықтан бала бiткен түскi демалыс сағатында төсекке қисайған кезде аңдып жатып, тайып тұрғанмын. Әне, лагерь! Шифер шатырлы, екi қабат, аппақ үй бiр шақырымдай артта қалыпты. Алыста өзiмiз күнде шомылатын теңiз бетi жарқырап көрiнедi. Қазiр бiр жан жоқ, бүкiл жағалау жым-жырт... Ендi қайта бұрылып, Болатбектер кеткен жаққа қараймын. Олар жолға шыққалы толық бiр сағат та өткен жоқ. Көп болғанда анау жаққа бара жатқан шығар, керек. Сонан кейiн ертпей көрсiн... Лагерьдi қайта таба алмаймын деп, қиғылықты салайын бiр. Сосын амалдары жоқ, бiрге алып кетедi. Болатбек ертпекшi едi, бәрiн iстеген Асан. «Әлi кiшкентай, жорыққа жарамайды», – де…

1
0
1416

КӨРШIНIҢ КЕСIРI

Сафуан ШАЙМЕРДЕНОВ КӨРШIНIҢ КЕСIРI Тұрар бүгiн ерте оянды. Бiрден жолдастары есiне түстi. «Ертең тауға шығайық, шаңғы тебейiк, мектепке ертерек кел», – деген олар. Сол жайды ол кешiне шешесiне айтып едi. Әлпеш үлкен ала көзiн баласына өткiр қадап тұрып қалған. Бұл оның «бармайсың, түнiмен жөтелiп шықтың, ауырып каласың», – дегенi. Шеше мiнезiне сыралғы бала оны жақсы түсiнедi. Бiр мезет ол: «Рас, жөтелсем, жөтелетiн шығармын. Ұйықтап жатқанда, қорылдайсың, десем, мамамның өзi де «кет әрi» деп, нанбайды ғой, кiм бiлiптi», – деп күдiк-тенетiн де. Сонда да ол «қайтсем мамамның көңiлiн табамын» деп түнiмен ала көңiл болып жатты. Байқаусызда жөтелiп қалмауға тырысты. Мiне, ендi завод гудогi де айқайлады. Таңғы сегiз болып қалса да, қыстың ұзақ түнi енжар сейiлiп, үй iшiне ендi-ендi ғана ала сә…

0
0
749

ҚАРА ШОЛАҚ

Айтбай ХАНГЕЛДИН ҚАРА ШОЛАҚ Қыстауға көшiп қонғалы бiздiң қораның дәл артынан қырғауылдың бiр қоразы ертелi-кеш шақырып, кетпей қойды. Кейде келе жатқанымызда аяқ астынан пыр етiп ұшып, өзiмiздi талай шошытқан. Оның құйрығы жоқ шолақ қораз екенi де бiзге талайдан мәлiм. Бәкең осы қоразға қақпан құрып та, тұзақ салып ұстай алмай, әбден кiжiнiп жүретiн. Кейде қырғауыл түнде шақырғанда, оның даусын естiп ызаланған Бәкең: «Қап, бәлем, менiң iсiм сенiмен қар жауған соң түссiн!» – деп жүретiн. Алғашқы қар жауды. Бәкең бүгiн бас-қалардан ерте тұрып: – Бүгiн қара шолақтың үнi өштi. Ендi сәтi түссе, оның сорпасын да iшемiз, – деп әзiрленiп жүр. Бәкең ендi Әбiтай екеумiздi шақырып алды да: – Сендер казiр тайларыңа мiнiңдер де, менiң соңымнан ерiңдер. Сапарға шығамыз, – дедi. Сұрағанға – тiлеген, Бә…

0
0
593

ЕРЖҮРЕК ИЛЬКО

Қасым ҚАЙСЕНОВ ЕРЖҮРЕК ИЛЬКО Мамыр айының аяғы болатын. Немiс фашистерi басып алған Украина жерiндемiз. Партизандардың шағын отрядын басқарып Мартыновка тұсына келдiм. Ұзақ жолдан кейiн демалып жатқанбыз. Кенет маған бiр партизан жүгiрiп келдi. – Жолдас командир, осы маңайда бiр малшы бала жүр, ертiп келейiн бе? Бала бiздiң даусымызды естiп қойса керек, ендi өзi бiзге қарай аяңдады. Бiз оны үн-түнсiз қарсы алдық. Ол бейтаныс кiсiлерден тосырқар емес. Оның жалаң аяқтарын күс басқан, үстiнде тозығы жеткен костюм, басында қара кепка. – Партизансыңдар ғой, ә? – дедi ол бiзге тайсалмай. – Иә, партизанбыз! – дедiм мен. – Командирлерiңiз кiм? – Менмiн. Атың кiм? – Илько. Мен де партизан болғым келедi, – дедi ол, маған жалбарына қарап. – Мылтық атуды бiлемiн. Осы маңда винтовкалар тығып қойғанбыз…

0
0
567