Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

ЖАЛҒЫЗ ҮЙРЕК

Карауылбек ҚАЗИЕВ ЖАЛҒЫЗ ҮЙРЕК Iздеп келе жатқаным – өзiмiздiң қоңыр сиыр. Хабар-ошарсыз кеткенiне бүгiн үшiншi күн. «Жануардың желiнi айырылып кететiн болды-ау» деп, өкси аяйды әжем. «Жыра-шұқырда қалып қойды ма? Сен ана жақты шолып қайт», – дедi әкем. Сиыр ма деп, қарауытып көрiнген нәрсеге жетiп барамын, барсам, былтырғы маяның орны, не кесiлген ағаш түбiрi болып шығады. Өр жағалап, ауыл жаққа беттедiм. Қоңыр көлеңке бұлдырап, жыбырлап аққан өзен бетiне қарап келе жатып, кiшкене бiр нәрсенi көзiм шалды. Жапырақ-жапырақ толқындарды тiле маған қарай жүзiп келедi. Омырауына шапшыған ағын тосып, әрең-әрең жылжытады. Үйрек екен ғой, корықпауын қарашы өзiнiң. Қос қанаты лай суға батып, бергi жағаға жақындап келедi. Оң қанаты салбырап тұрған сияқты, бiр жағына қарай қисалаңдап жүзедi. Менi ба…

0
0
5192

ЗИНҰР

Зейнелғаби ИМАНБАЕВ ЗИНҰР Зинұр сабақ әзiрлеуге отырды. Бүгiнгi тапсырма өлең жаттау едi. «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы...» – деп, шапшаңдатып оқи бастады. Әп-сәтте бiр шумағын жаттап та үлгердi. Өлеңдi түгел жаттап болмай, ештеңеге бұрылмауға бекiндi. Сөйтiп отырғанда өзiмен бiрге оқитын баланың келе қалмасы бар ма. – Жүр, Зинұр, балаларға арналған қызық кино келiптi. Оқушылардың бәрi кетiп жатыр, – дедi ол. – Жоқ, Жанаш, мен өлеңдi жаттап алмай ешқайда шықпаймын. – Қайтып келген соң да жаттап алмайсың, ба? – деп Жанаш қиылса да, досы көнбеген соң өзi жүгiре жөнелдi. «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы...» деп Зинұр қайта оқи бастады. «Қойшы, Жанаш айтқандай, келген соң да жаттап алуға болады ғой. Көп қызықтан құр қалатын болдым-ау! Әй, Жанаш, тоқта!» – деп, терезеден мойнын созып, айқай…

0
0
470

АЛТЫН БЕСIК

АЛТЫН БЕСIК Менiң туған жерiм – Көкшетау, шыңын мұз басып қатқан биiк таулар емес, төбесiне оп-оңай шыға беруге болатын аласа таулар... Мiне, сондай таулардың бiрiнiң етегiндегi көл жағасында менiң туып-өскен ауылым қоныстанған. Таудың аты – «Салпық». Ал оның iргесiндегi айдынның аты – «Шұңқыр көл» деп аталады. Ауылдың аты сол есiмiне қойылған. Бiз бала кезiмiзде жазда Салпық тауының бауырына шие, бүлдiрген теруге баратын едiк... Ал көл жағасы қандай тамаша едi. Ыстық күндерi Қасынан шықпайтынбыз. Арқаны күнге қақтап-қақтап алып, жүгiрiп келiп суға қайта-қайта күмп-күмп берiп құлайтынбыз. Бiзден әрiректе тереңдеу жерде мойындары жiп-жiңiшке шүрегей үйректер жүзiп бара жатады. Жақындасаң тереңге қарай ұзай бередi. Дауылды, желдi күндерi көл бетi бұйраланып, дөңбекшiген толқындары жағаны ұр…

0
0
610

БОЗША ТОРҒАЙ

Нығмет ҒАБДУЛЛИН БОЗША ТОРҒАЙ Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түнi бойы жаңбыр жауған. Жер саз. Омар атай бiр топ жусанның ығында бүрiсiп отырған кiшкентай құсты көрдi. Ұшуға жарап қалған бозтор-ғайдың балапаны. Тұмсығының жиектерi сап-сары. Өзiне жаңбыр өткен. Екi қанаты салбырап, дiр-дiр етедi. Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кеттi. Салбыраған қанатын жиюға шамасы келмей, сүйреткен бойы бiр түп жусанды сырт айнала бердi. Бiрақ жүгiрiп кете алмады. Жығылып қалды. Омар атай бозша тор-ғайды жерден көтерiп алды. Алақанына қойып аз ғана уақыт қызықтай қарады. Әрi тойған, әрi қорыққан кiшкене құс қалшылдап тұр. Омар атай бозша торғайды үйiне әкелiп, күн сәулесi түсiп тұрған терезе жақтауына отырғызды. Алдына ыдыс-қа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай…

0
0
9640

АҢШЫ БАЛАЛАРЫ

Мағзұм СҮНДЕТОВ АҢШЫ БАЛАЛАРЫ Баяғыда бiр аңшы екi баласымен елсiз-күнсiз аралда өмiр сүрiптi. Аңшы мекен еткен арал малынған орман, аң мен құсы қисапсыз екен. Сөйтiп, әлгi аңшының екi баласы өзi ойлағандай өр, адал, әрi қайырымды, әрi ер, құралайды көзiнен атқан мерген болып ер жетiптi. – Жолбарыстай жыртқышты аңшының аңшысы ұстайды. Сақ болыңдар. Iзiн көрсеңдер, әуелi маған хабарлаңдар, – дейдi қарт аңшы екi ұлын әрi сақтандырып. Күндердiң бiр күнi үлкен ұлы Жүнiс аңнан жалғыз қайтады. Көңiлсiз, жүрiсi де сылбыр, дел-сал. – Балам. Еңсең неге түсiп кеткен? Не болды? Арал тыныш па? Бұл жерде сенi өкпелеткендей кiм бар? – дедi де, қарт баласының ренiш дегеннiң не екен бiл-мейтiндiгi есiне түсiп, iркiле бердi. – Әлде Оспанжанға... – Жо-жоқ... Оспанға түк те болған жоқ, көке. Ол қазiр келедi…

0
0
1405

ЕРТЕҢ ДЕГЕН ЕРТЕГI БОЛДЫ

ЕРТЕҢ ДЕГЕН ЕРТЕГI БОЛДЫ Елдестiң ойында ойыннан басқа ештеңе жоқ. Әке-шешеге қолғабысы болмайды. Жалғыз ғана қызметi – екi танауы. Сол жақтан келiп-кетiп тұратын «ағайындарын» қарсы алып, аттандырып деген секiлдi «жұмыс» iстейдi. Бар еңбегi де, ермегi де осы. Ал ойын дегенде безiп кетедi – милиция шақырып ұстай алмайсың. Мұның ойыны «Қыз қуу», «Көкпар», «Сайыс» секiлдi шатақ ойын емес – асық ойыны. Аспанға iлiп қойған асық ойыны. Аспанға iлiп қойған асықты атып алады. Мергендiгiне шек жоқ. Ертемен үйден шыққанда бiр асық, бiр сақамен кетедi де, кешке екi қалтасы сыздап қайтады. Балалар: «Мұның сақасы – арқардың асығы. Арқардың асығы арқардың өзiндей жүйрiк болады» деген секiлдi өсек айтады. Тiптi шайтанның асығы десе де илануға болады, өйткенi бiз көрiп жүрген асықтан сүйегi таза әрi сал…

0
0
743

ҚАЛТАДАҒЫ ҚАЙЫҚ

ҚАЛТАДАҒЫ ҚАЙЫҚ Бiр күнi Азамат пен Болат екеуi асыр салып ойнап жүр едi, тау жақтан парылдап ұшып келе жатқан вертолет көрiндi. Олар алақайлап, вертолет қонатын жерге қарай жүгiре жөнелдi. Аспан сатысымен абайлап түсiп келе жатқандай, вертолет тiк төмен сырғып, сауысқандай сақ қона қалды. Жұрт бiртiндеп есiгiнен шыға бастады. Ең соңынан Азаматтың Алматыда оқитын ағасы Арман көрiндi. Азамат пен Болат Арманның алдынан шығып, үлкен кiсi-лерше қол берiп амандастық. Бiраз жүрген соң Азамат шыдамады бiлем: – Аға, чемоданыңызда не бар? – деп сұрады. Болаттың ойы осы чемоданда едi, ашса екен деп келедi. – Бұл чемоданның iшiнде сендер көрмеген көп нәрсе бар, үйге барған соң берем, – дедi ағасы. Бiрақ мына екеуi үйге жеткенше шыдайтын емес. – Аға, қазiр-ақ көрейiкшi, – деп Азамат қыңқылдап болмады…

0
0
744

ҚАЙМАҚТЫҢ АЗАБЫ

ҚАЙМАҚТЫҢ АЗАБЫ Бiздiң ауылда баяғыда Тайлақ деген кiсi болды. Тарамыспен тас жамаған шебер етiкшi едi. Бұ кiсiнiң әйелi Аймақ апай колхозда сауыншы болатын. Осы Тайлақ атайдың Байбақ және Жайнақ деген бiз қатарлы екi ұлы болды. Қаймақ көрсе, Байбақ тамсанып, бiр жұтынып қалатын. Тек Байбақ емес, қаймақ десе, Жайнақтың да көзi жайнап, көмейiнiң бүлкiлдейтiн ыңғайы бар едi. Айтпақшы, қаймақты бұл екеуiнiң Мойнақ деген итi де жек көрмейдi. Ал мен болсам, ол кезде жұрттың «Дәуiрдiң баласы адам болды» деуiне қарағанда, жаңағы Тайлақтың балаларынан кәдiмгiдей үлкендiгiм бар, ересектерге таяған кiсiмiн. «Кiсiмiн» дейтiнiм, колхоздың бақандай бiр өгiз арбасын айдау, соғыс кезiнде дәп бiр самолет айдау-мен бiрдей беделдi iс едi. Сондықтан жұрт арба айдаған баланы «адам» болды деп, арқасынан қағат…

0
0
1040

«ДАУЫЛДЫҢ» ДАУЫ

«ДАУЫЛДЫҢ» ДАУЫ Сәрсенбi ақсақал былтырдан берi өзiнiң немересi Жабақпен дос болып алды. Екеуi ауыл сыртындағы қырға шығып, ұзақ әңгiмеге көшедi. Әңгiмелерiнiң аяғы кейде айтысқа, одан айғайға дейiн барып, араздасып қалатын кездерi де болады. Бiр күнi ата мен бала қатты қақтығысып қалды. Жабақ атасына, яғни досына өкпелеп, сабақтан келi-сiмен бүк түсiп жатып алды. Досының бұл жатысы Сәрсенбi ақсақалдың жанына батты бiлем: – Әй, сен жөнi жоқ тыпырлай бермей, көтер басыңды! Мынаған қарасаңшы, – дейдi, арабша жазылған бiр қағазды жазып жiберiп. – Бәрiн қате жазып алып, адамның басын қатырасың, – деп немересi терiс қараған бойы тырп етпей жатыр. – Әй, айналайын балам-ау, әлгi қағазыңды алшы сен. Ұрыспай, таласпай тексерейiк, – деп Сәрсенбi немересiн бетiнен сүйiп, тамағынан иiскелеп, жалынып,…

0
0
484

ЖАСЫРЫНБАҚ

ЖАСЫРЫНБАҚ Шөп қалың өскен, астық бiтiк шыққан бiр берекелi жаз болса керек. Каникул кезi. Ауыл етегiндегi сазға шығып, Жабақ бiр топ жолдастарымен жасырынбақ ойнапты. Ары ойнап, берi ойнап, Жабақ шаршайды. Ал басқаларының ойыны қанар емес. Тiптi қона-жата ойнайтындай түрлерi бар: «Жасырынамын деп, жасырынған жерiмде ұйықтап қалып, екi ортада далада қалармын. Iздейтiн кезегiм келгенде бiр айла жасайын да, үйге кетейiн» деп ойлайды Жабақ. Содан күткен сәтi жеткенде Жабақ: – Мықтап жасырыныңдар, мен таба алмайтын болайын. Егер тауып алсам, бастарыңнан мәтек аламын. Егер таба алмасам, сендер менiң басымнан мәтек аласыңдар. Келiстiк пе? – дейдi көзi күлiмдеп. – Келiстiк. – Келiстiк, бiрақ бiз мықтап жасырынуымыз үшiн сен ең құрығанда отызға дейiн санайсың. Жарай ма? – Жарайды, тiптi елуге дей…

0
0
1903