"Digital Almaty» халықаралық цифрландыру форумы қалай өтті?
Жақында Алматыда Digital Almaty 2025 цифрлық форумы өтті. Осымен жетінші мәрте өтіп жатқан форумға әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам сарапшы жиналды. Форумның басты тақырыбы — жасанды интеллекттің өнеркәсіпке, экономикаға және мемлекеттік басқаруға әсері. Оның қаржы, мемлекеттік басқару, ESG, медицина, білім және киберқауіпсіздікке интеграциясы талқыланды. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада стартаптар мен IT-компанияларды біріктіретін Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын құру туралы жариялады. Ол сондай ақ ЕАЭО елдеріне жобаға қосылуды ұсынды. Сонымен қатар пленарлық отырыс барысында Digital Awards сыйлығының лауреаттары марапатталды — үздік IT шешімдері мен инновациялық жобалары үшін марапаттар табысталды. Форумның іскерлік бағдарламасы аясында 37 панельд…
