Өзің таңдаған білім ордасына бір қадам
Әрбір жас түлек мектеп қабырғасынан шыққан соң, үлкен өмірге бет бұрады. Бұл жолда ең маңызды кезеңдердің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеудің оң нәтижесі (ҰБТ). ҰБТ – мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы. Әр түлек өз таңдаған оқу орнына түсу үшін жинаған ұпайлары арқылы мемлекеттік гранттарға немесе ақылы бөлімдерге түсе алады. Бірақ, кейде ең жоғары ұпай жинағандардың өздері грантқа ие бола алмай қалуы мүмкін. Осындай жағдайда ішкі гранттар – үлкен қолдау. Ішкі гранттар – жоғары оқу орындарының студенттерге ұсынатын қосымша мүмкіндіктері. Олар, әдетте, университеттің жеке қоры немесе серіктес ұйымдардың қаржыландыруы есебінен тағайындалады. Мұндай гранттар академиялық жетістіктері жоғары, белсенді әрі дарынды жастарға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл грант түрінің басты ере…



