Перейти к содержимому
Обложка сообщества Образование

Шеврон журналистерге семинар өткізді

Жақында Алматыдағы Қазақстан пресс клуб аудиториясында "Қазақстан мұнайы мен газы: саланың даму перспективалары мен шолуы»,семинары өтті. Жоба “Шеврон” компанияның серіктестігімен жүзеге асты.

Шарада Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Жұмағұлов Қазақстандағы мұнай-газ өндіру динамикасы, отандық мұнай-газ нарығындағы экспорттық маршруттары мен баға саясаты, Мұнай-газ компанияларының салық саясаты туралы айтты.

Мұнай шығару – Қазақстан экономикасы үшін маңызға ие. 1990 жылдан бастап күні бүгінге дейін елімізде 2 млрд-қа жуық яғни 1,94 млрд тонна мұнай шығарылған. Қызығы, мұнай бағасы 68-70 долларға төмендеген 2018-2019 жылдары ең көп өндірген екен. Қазір жер қойнауында әлі 4 млрд тоннаға жуық қара алтын бар.

«Негізінде, 2 млрд деген – көлемді сома. Біздің қорда шамамен 4 млрд тонна қалды. Бірақ болашақта барлау жұмысы жүріп, кен орындарын анықтайды, мұнай бізге әлі бірнеше ондаған жылға жетеді деп сенеміз», – дейді Нұрлан Жұмағұлов.

Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Жұмағұлов

Соңғы бес жылдағы деректерді талдайтын болса, Қазақстан мұнайының басым бөлігі Ақтөбе, Қызылорда, БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Оның ішінде қара алтынның күре тамыры – Атырауда. Елде өндірілетін барлық мұнайдың 56%-ы сол жерден шығады. Одан кейін мұнайдың ең көп бөлігі Маңғыстау мен БҚО-да бар. Жұмағұловтың сөзінше, Қызылордадағы мұнай өндірісі соңғы 12 жылда 3 есе азайып кеткен. Бірақ қазір өңірге стимул беріп, мұнай-сервис компаниялары жұмыссыз қалмас үшін «Қазмұнайгаз» 5-7 мың метр тереңдікте бұрғылаумен айналысып жатыр.

0
0
3854

Еще по теме