ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ САТЫП АЛУДА ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗДЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ
Зергерлік бұйымдар – бұл (жүзік, сырға, білезіктер, алқа, сәнді түйреуіш және т.б.) киімге немесе адам денесіне тағылатын және көбіне сәндену үшін қолданылатын бұйым. Зергерлік бұйымдарды жасау үшін алтын, күміс, түрлі мықты асыл металдардың қорытпаларынан, бағалы тастардан және тағы көптеген бағалы материалдар қолданылады. Көптеген адамдар үшін зергерлік бұйымдар сатып алу ұнамдылығымен қоса өз құндылығын жоғалтпайтын тиімді қаржы жұмсау болып табылады. Зергерлік әшекейлер шағын дүкендерінде алуан түрлі алтыннан, бағалы ақ металл және күмістен жасалған, түрлі бағалы тастары бар зергерлік бұйымдар сатып алуға болады. Бірақ, біз сатып алған бұл зергерлік бұйымдардың таңбалануы сәйкес келе ма, алтынның шынымен алтын екеніне қалай сенімді бола аламыз. Бұл мақсатта және Қазақстан халқының мүд…