Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ҚҰҚЫҒЫНА АККРЕДИТТЕУ

Өлшемдерді орындау әдістемесі – орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы. Өлшемдерді орындау әдістемесі мемлекеттік метрологиялық қызметпен, мемлекеттік басқару органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен әзірленді.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері міндетті метрологиялық аттестатталуға және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелуге тиіс.

Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау, ҚР ӨМЖ тізілімінде тіркеу және есептік тіркеуді жүзеге асыру тәртібі ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР ӨМЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолданылу тәртібі» орнатылған.

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық немесе ҚР СТ 7.6-2009 «ҚР АЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуге талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС сайтының ақпаратына сәйкес қазіргі күні Қазақстан Республикасында Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялқ аттестаттау жүргізу құқығына 4 заңды тұлға аккредиттелген: «Қазақстан метрология институты» ШЖҚ РМК өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызмет (Астана қаласы), «ҚР ИДМ ИДҒҚК «ҚР Минералды шикізатты кешенді өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Шығыс ғалыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» филиалының өлшеулерді орындау әдістемесіне МА (ШҚО), «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метроологиялық қызметі (ШҚО), «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызметі (Алматы қаласы).

Аттестация аккредиттеу жөніндегі органмен Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты орындауға заңды тұлғалардың құзыретілігін ресми тану мақсатында жүргізіледі. Аккредиттеуден өту үшін заңды тұлға аккредиттеу жөніндегі органға («ҰАО» ЖШС) уәкілетті органмен орнатылған нысанға сәйкес заңды тұлғаның басшысы қол қойған өтініш және өтініш берушінің орнатылған талаптарды бұзушылықпен рәсімделген және (немесе) құжаттарды толық көлемде ұсынбаған кезде, аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеуден бас тарту туралы бұйрықтың көшірмесін өтініш берушіге ұсынады.

Аккредитеу жөніндегі орган аккредитеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның орнатылған аккредиттеу талаптарына сәйкестігін бағалау негізінде қабылдайды. Аккредиттеу аттестату бес жыл бес жыл мерзіміне беріледі.

СЫЗДЫКОВА ЖАНАРА КЕҢЕСҚЫЗЫ

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

   

Түпдерекке сілтеме жасау

«Новости ГОССТАНДАРТА» 2017 жылғы маусым № 2 (68)

 
0
0
2770

Еще по теме

ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ҚҰҚЫҒЫНА АККРЕДИТТЕУ - Yvision.kz