Перейти к содержимому
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

На сайте с 17 февраля 2014 г.Казахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

постов

389

комменты

1

подписчика

4

подписки

4

БІЗ ЖУНГЛИДЕГІ ЖАБАЙЫ ТАЙПАНЫҢ БАЛАСЫМЫЗ БА?

alt
Кітап ең құнды рухани қазына. (Бұл жерде біз кітап ұғымын жазу толы парақтары бар, баспадан шыққан зат ретінде ғана айтып отырған жоқпыз) Бұны көкірегінде түйсігі бар жанның бәрі түсінеді.  Бүгінгі күні кітап төңірегінде сөз бола қалса, «кітап оқитындар өте аз» деп басталатын мңұлы әңгімелердің куәсі боламыз. Шынымен де солай. Ал, бұның себебі неде? (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
280

БІЗДЕГІ ОРЫСТІЛДІ БАҚ – КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА ЖАРЫЛАТЫН БОМБА!

Дәурен Қуат, жазушы, журналист, ABAІ.KZ Ақпараттық порталының жетекшісі: – Қазақ журналистикасына «қарғадай» кезіңізден араласып келесіз. Біздің журналистиканың шынында да «төртінші билікке» жеткен кезі болды ма? – Рас, қазақ баспасөзіне мен «қарғадайымнан» келіппін. Қазір ғой, 17 жастағылардың дені бала сияқты көрінеді (дегенмен, бұлардың ішінде де есейіп, ес тоқтатқандары көп, әрине). Бірақ мен 17 жасымды ел қамын жеген Едігенің жасы деп білдім. Әрнеге өзімше ой жіберіп, мән беріп жүретінмін. Аудандық партия комитеті дейтін сұрқаптал суық мекеме бар еді. Редакциямыз соның қасында болатын. Әлгі тасмешел үйге барғым да, қарағым да келмейттін. Редактордан сұранып, ауыл-ауылға сапарлаймын. Ел ішінде жүргенді жақсы көремін. Өзімше қиял кешемін: партия, аудандық комитет, сот, прокуратура, ана…

0
0
413

ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕ БАС ҚОСҚАН ТҮРКІЛЕР БӘРІ БАУЫР ЕКЕНІН БАРША ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУДА

ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕ БАС ҚОСҚАН ТҮРКІЛЕР
Елбасының құттықтауында «Бүкіл­әлемдік көшпенділер ойындары – көшпенді халықтың рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған бірден-бір ойын. Сіздер өз халықтарыңыздың тарихи-мәдени мұрасын сүйетін мәдениет саласының жарқын өкілдерісіздер. Осындай іс-шаралар түркі әлемі халықтарының басын біріктіреді, генетикалық жадтың жандануына сеп болып, жалпы тарихи сананы қалыптастырады», – делінген. Бүкіләлемдік ойындардың мақсаты – аймақтағы қарым-қатынастарды, түркітілдес елдердің ауызбірлігін нығайту, көшпенді елдер мәдениетіне және салт-дәстүріне негізделген идеологияны дамытуға жаңа серпін беру. (жалғасы мұнды: mtdi.kz)
0
0
311

ТАБАНДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН КЭМЕРОН РЕСЕЙДІҢ ӨКТЕМ САЯСАТЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДЫ МАҚСАТЫ САНАЙДЫ

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Украинаның жағдайына алаңдаушылығын білдіріп, Кремльдің Украинаға қатысты позициясын өзгертуін табанды түрде талап етумен келеді. Ағылшын премьері Ресей өзінің әскери күштерін шегіндірмесе, жағдайдың одан әрі ушығатынын айтуда. Ресейдің бұл заңсыз әрекетін жедел тоқтату қажеттігі жөніндегі мәселені НАТО-ның саммитында да баса айтты. Жалпы, Ұлыбритания Ресеймен байланыста адам құқықтары мен демократиялық мәселелерге баса назар аударатын мемлекеттердің бірі. Ағылшындар «Ресейдің басқару жүйесіндегі кемшіліктер әркез Еуропа Одағының назарында болуы қажет» деген ұстанымға сүйенеді. Украина шекарасына орыс әскерлерінің кіргізілуіне Британия премьер-министрінің айрықша қарсылық танытуы да сол себептен. Ұлыбританияның қазіргі пре­мьер-министрі Дэвид…

0
0
402

«YЗДIК ЖАРНАМАЛАР» ЖАРЫСЫ

ERA 9139 «YЗДIК ЖАРНАМАЛАР» ЖАРЫСЫ

Жарнама – бүгінгі заман талабына сай дамып келе жатқан табыс көзі. Қазаққа «итің жаман» деген сөз де ауыр тиетіні белгілі. Оның қасында кәсіпкерлер мен кәсіпорындар өздері өндіретін өнімдердің жалпақ жұртқа жария болуы үшін ақшасын аяп қалмайтыны анық. Аянбаймыз дегендер алаңғасарлыққа салынып көшелер мен тағы басқа көптеген қоғамдық орындарда ілінетін жарнамалардың тілдік мағынасына үңілмейтіні жасырын емес. Орыс тілінен орашолақтау аударылып, қазақ тіліне еш қиыспайтын қыңыр-қисық сөздер көзге шыққан сүйелдей көрінеді. Екі жастағы сақау сәбидің тіліндей былдыр-батпақ бірдеңені көзің шалғанда кірерге тесік, еніп кетерге есік таппай есің шығады. Осындай сауатсыздық пен салғырттыққа қарсы күрес тіл жанашырларын елең еткізері рас. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1353

«АСТАНАДАН АБАЙ МЕКТЕБIН АШУ КЕРЕК»

Мырзатай Жолдасбеков: Ірі тұлғалардың ой-толғаныстарын жазып алу қажет – Көргені көп, есті әңгіме тыңдағымыз келгенде сіздерді төңіректеп отыратынымыз рас. Астанада ат төбеліндей ғана ақылшы ағаларымыз бар екенсіздер. Сіз сол зиялы қауымның алдыңғы легімен 2000 жылы елордаға қоныс тептіңіз. Ел тарихын былай қойғанда, қала тарихы көз алдыңызда өтіп жатыр.Осы қала сіздің өміріңізге қандай ықпалын тигізді? – Расында, Астанаға көшіп келгеніме биыл, міне, он төрт жыл болыпты. Содан бері не бітірдім, не істедім?.. Өзім де оңашада осылай жиі ойланам. Әрине, қыруар жұмыс атқарылды… Оны Қайрат Жұмағалиевтің маған арнаған екі өлеңінен аңғаруға болады. Бірін 2001 жылы жазыпты: Отырмын өзім жайланып, Бекіндім осы ойға анық. Бірте-бірте Астана Барады «Мырзатайланып», - депті… Айтса айтқандай, Астанаға…

0
0
287

«ОРАЛМАНДАР ОН ТӨРТ ОБЛЫСҚА ДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ»

alt
Шетелдегі қазақтарды атажұрты – Қазақстанға тездетіп көшіріп алу мемлекет үшін күн өткен сайын маңызды мәселеге айналып келеді. Басынан дау арылмай, шенді-шекпенділер қыли қарап келген көші-қон мәселесі Украина мен Ресей арасындағы жағдайдан кейін басқа арнаға ауысты. Билік те қазақ көшіне қатысты ұстанымын күрт өзгертті. Қысылғанда қазақ керек екенін бек түсінді. Мемлекет территориясын қазаққа толтырмай, Тәуелсіздік пен тұтасттыққа төнген қауіптен арылу мүмкін еместігін білді. Білгеніне бұқарасы қуанулы. Билік ә дегенде көші-қон туралы заңды қайта қараудан бастамақ. Мемлекеттік маңызды мәселенің жедел шешілуі қажеттігіне депутаттар да үн қатты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)...
0
0
581

УАҚЫТША БІТІМ: КІМ ҰТАДЫ?

Украинадағы «уақытша бітім» тұсындағы геостратегиялық ойын мен жанжалдың уақытша тоқтатылуы кімге не үшін керек? Бұл сауал әлемдегі түрлі саяси күштерді ойландырып тұрғандығы белгілі. Ең алдымен уақытша бітімнің себептеріне үңіліп қарайық. Уақытша бітімге, оның уақытша табиғатынан мүдделілер көп. Бірінші кезекте бұл – Украин Үкіметі. Себебі соңғы уақыттарда ресми Киевтің позициялары әскери тұрғыдан біртіндеп әлсіреп келеді. Елдегі үлкен патриоттық бас көтерулерге қарамастан, шешімін табуы керек әлеуметтік-экономикалық мәселелер артып келеді. Соғыс жүргізу үшін қаржы тапшылығы айқын сезіліп отыр. Үкіметтің газ мәселесін шеше алмау қаупі және бар. «Бауырлас Ресейдің» бұл жолы газ бере қоятындығы күмәнді нәрсе. Халықаралық институттардан қомақты көмек алу үшін мемлекеттің кірісі мен шығысын…

0
0
366

ОН ЖЫЛДАН БЕРІ ОЙЛАНЫП ОТЫРМЫЗ

Елдегі демографиялық дүмпудің дүрк көтерілгеніне қарамастан кейінгі 10 жылда 4 облыста халық өсімі күрт төмендеп бара жатыр. Әсіресе, Солтүстік Қазақстанда аталған мерзімде тұрғындардың саны 100 мыңға кемігені қатты байқалады. Ал Шығыс Қазақстанда – 60 мыңға, Қостанайда – 35 мыңға, Ақмола облысында 15 мыңға дейін азайған. Мұның салдарынан мыңдаған ауылдар қаңырап қалып, жүздеген мектептер жабылып жатыр. Сонда он жыл бойына осы жағымсыз үдерісті үнсіз ғана бақылап отырмыз ба?! Жылыстап кеткен жүзмыңдаған жұрттың «жоғын жоқтамай», орнын толтырмай жайылып жатқанымыз қалай?! – Мәселен, соңғы бес жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам мектеп оқитын оқушының жоқтығынан жұмысын тоқтатып отыр. Демек, бұл жүзде­ген елді мекендегі тіршіліктің тоқтағанының белгісі, – дейді кеше Астанад…

0
0
372

ТҮРЛІ-ТҮРЛІ САЙТ КӨРДІК, САПАСЫ ЖОҚ

alt
Бүгінде кешегіден мысал келтірсең, кеңестік кезеңді аңсаған адам болып шыға келетінің анық. Бірақ өз иделогиясын баспасөз арқылы жүргізуде кеңестік жүйесінің мықтылығын мойындамасқа лажжоқ. Ол тұста басылымға жазылмайтын отбасы жоқтың қасы еді. Әр шаңыраққа кемінде 5 газет, 2 журнал тұрақты барып тұратын. .
Қазір заман басқа, заң басқа. Баспасөзбен қатар электронды ақпарат құралдары дамып келеді. Жаңалықты жатсынбайтындар жағы газет парақтағаннан гөрі компьютердің түймесін баса қойып, барлық ақпаратты алатын осы электронды жүйені тәуір көреді. Бірқатар басылымдар толықтай электронды нұсқаға көшіп алды. Мемлекет те ақпараттық саясатты жүргізу үшін жаңа жүйені барынша қолдау танытып жатыр. Бірақ сайттың бәрі сапалы деп тағы айта алмайсыз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
328