Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАБАНДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН КЭМЕРОН РЕСЕЙДІҢ ӨКТЕМ САЯСАТЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДЫ МАҚСАТЫ САНАЙДЫ

ТАБАНДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН КЭМЕРОН
Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Украинаның жағдайына алаңдаушылығын білдіріп, Кремльдің Украинаға қатысты позициясын өзгертуін табанды түрде талап етумен келеді. Ағылшын премьері Ресей өзінің әскери күштерін шегіндірмесе, жағдайдың одан әрі ушығатынын айтуда. Ресейдің бұл заңсыз әрекетін жедел тоқтату қажеттігі жөніндегі мәселені НАТО-ның саммитында да баса айтты. Жалпы, Ұлыбритания Ресеймен байланыста адам құқықтары мен демократиялық мәселелерге баса назар аударатын мемлекеттердің бірі. Ағылшындар «Ресейдің басқару жүйесіндегі кемшіліктер әркез Еуропа Одағының назарында болуы қажет» деген ұстанымға сүйенеді. Украина шекарасына орыс әскерлерінің кіргізілуіне Британия премьер-министрінің айрықша қарсылық танытуы да сол себептен. Ұлыбританияның қазіргі пре­мьер-министрі Дэвид Уильям Дональд Кэмерон 1966 жылдың 9 қыркүйегінде Лондонда ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі – Ян Дональд Кэмерон, анасы – Мери Флер. Дэвид Кэмерон Британия королі Вильгельм ІV-нің ұр­пағы. Отбасындағы төрт баланың үшіншісі. Үш жасына дейін бала Дэвид Кенсингтон және Челси аудандарында тұрған. Кейіннен отбасы Лондонның батысындағы Беркшир графтығына қоныс аударады. Дэвид Кэмерон балалық шағының бақытты болғанын айтады. Және отбасында бір нәрсеге наразылық білдіру немесе көңілің толмайтынын айту деген түсінік болмаған. Әкесінің бір көзі көрмесе де, талмай еңбектенсе керек. Кэмеронның айтуынша, әкесі өзін ешқашан «мүгедек» санап, тағдырына налымапты. Ал анасы болса, 30 жылға жуық сотта қызмет атқарды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
404

Еще по теме

ТАБАНДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН КЭМЕРОН РЕСЕЙДІҢ ӨКТЕМ САЯСАТЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДЫ МАҚСАТЫ САНАЙДЫ - Yvision.kz