«АСТАНАДАН АБАЙ МЕКТЕБIН АШУ КЕРЕК»
Мырзатай Жолдасбеков:
Ірі тұлғалардың ой-толғаныстарын жазып алу қажет
– Көргені көп, есті әңгіме тыңдағымыз келгенде сіздерді төңіректеп отыратынымыз рас. Астанада ат төбеліндей ғана ақылшы ағаларымыз бар екенсіздер. Сіз сол зиялы қауымның алдыңғы легімен 2000 жылы елордаға қоныс тептіңіз. Ел тарихын былай қойғанда, қала тарихы көз алдыңызда өтіп жатыр.
Осы қала сіздің өміріңізге қандай ықпалын тигізді?
– Расында, Астанаға көшіп келгеніме биыл, міне, он төрт жыл болыпты. Содан бері не бітірдім, не істедім?.. Өзім де оңашада осылай жиі ойланам. Әрине, қыруар жұмыс атқарылды… Оны Қайрат Жұмағалиевтің маған арнаған екі өлеңінен аңғаруға болады. Бірін 2001 жылы жазыпты:
Отырмын өзім жайланып,
Бекіндім осы ойға анық.
Бірте-бірте Астана
Барады «Мырзатайланып», -
депті… Айтса айтқандай, Астанаға келе сала Еуразия ұлттық университетінің де, Астананың да мәртебесіне айтарлықтай жұмыс атқардық. 2008 жылы туған күнімде Қайрат ақын тағы да:
Өзің деп жүрегімді жырлатайын,
Атыңды туған елмен бірге атайын.
Ұлтыңды ұлықтаған қайраткерсің
Дүние тұрғанша тұр, Мырзатайым, -
депті. Қайран Қайрат-ай! Әппақ, ақ көңіл, кіршіксіз, жаны таза адам еді ғой! Осы бір өлең жолдарында қазақтың атақты ақыны Қайрат Жұмағалиев менің Астанаға, туған еліме, ұлтымызға деген кіршіксіз көңілімді анық жеткізген тәрізді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

