Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

УАҚЫТША БІТІМ: КІМ ҰТАДЫ?

alt
Украинадағы «уақытша бітім» тұсындағы геостратегиялық ойын мен жанжалдың уақытша тоқтатылуы кімге не үшін керек?
Бұл сауал әлемдегі түрлі саяси күштерді ойландырып тұрғандығы белгілі. Ең алдымен уақытша бітімнің себептеріне үңіліп қарайық.
Уақытша бітімге, оның уақытша табиғатынан мүдделілер көп. Бірінші кезекте бұл – Украин Үкіметі. Себебі соңғы уақыттарда ресми Киевтің позициялары әскери тұрғыдан біртіндеп әлсіреп келеді. Елдегі үлкен патриоттық бас көтерулерге қарамастан, шешімін табуы керек әлеуметтік-экономикалық мәселелер артып келеді. Соғыс жүргізу үшін қаржы тапшылығы айқын сезіліп отыр. Үкіметтің газ мәселесін шеше алмау қаупі және бар. «Бауырлас Ресейдің» бұл жолы газ бере қоятындығы   күмәнді нәрсе. Халықаралық институттардан қомақты көмек алу үшін мемлекеттің кірісі мен шығысын қатаң қадағалауға алу керек. Оның үстіне әскер қатарын толтыру үшін кезекті мобилизация жүзеге асырылуы қажет. Сондықтан Украин Үкіметі үшін бұл бірінші кезекте уақытша қадам.
Екінші мүдделі топ – Украинаның оңтүстік шығыс өңірі. Қанша жерден Ресей ақпарат көздері Шығыс Украина әскерлері түрлі жетістіктерге жетті деп мәлімдегенімен бұл «жетістіктер» Шығыс Украинаға оңай тиіп жатқан жоқ. Онда босқындар саны артып, «жаңа билік» өз тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауда. Бұл аймақты да қыс күтіп тұрғанын ескерсек, үйлерге жылу беру секілді түрлі мәселелердің бар екендігі түсінікті.
Ең бастысы, мұнда Ресей мүдделі. Себебі, Шығыс Украинаны қолдаушы Мәскеу Үкіметінің изоляцияда қалу қаупі кеңейіп келеді. Соңғы уақытта Ресей экономикасы тек Батыс елдерінің саяси-экономикалық санкцияларынан ғана емес, өзінің Батыс елдеріне салған санкцияларынан жапа шегуде. Ресей компаниялары әлемдік нарықта өз позицияларын жоғалтуда. Ресейдің сенімді әріптес екендігіне күмән келтірген бірқатар ірі компаниялар Мәскеудегі өз өкілдіктерін жауып, жаңа бағыттарға назар аударуда. Бұл Ресей бюджетін миллиардтаған доллар шығындарға алып келері сөзсіз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
367

Еще по теме

УАҚЫТША БІТІМ: КІМ ҰТАДЫ? - Yvision.kz