Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТАРИХ САХНАСЫНДА 550 ЖЫЛ! ПУТИНГЕ РЕСМИ ЖАУАП ҚАЙТАРЫЛДЫ

Тарих сахнасында 550 жыл! Путинге ресми жауап қайтарылды
 

Қазақстан тәуелсіздігін алған 23 жыл көлемінде ұлттық жаңғыру жолын басты мұрат ретінде таңдап алған жоқ. Керісінше, әлемдік жаһандану көшіне ілесу үшін аз тыраштанбады. Алайда, жоғары билік эшелоны бұл тыраштанудың ұлттың өзін-өзі тануына жол бермейтіндігін енді түсіне бастаған сияқты.

Әлемдік геосаяси өзгерістердің салқыны, қырғиқабақ соғыстың басталуы, Украинадағы жағдайдың ушығуы – кезіндегі ірі империялардың берген кепілдігінің жалған екендігін танытып отыр. Бұл ретте рухы мықты елдің ғана ұлттық даму жолы ұзара түсетіндігі өзінен өзі айқындала түскен сынды. Украинадағы жағдайға Путин жүргізген саясат қана кінәлі емес, ондағы украин халқының біраз бөлігінің өзін Ресейден бөліп қарастыра алмайтындығы да себеп. Өйткені, Қырымдағы референдум қорытындысы бойынша халықтың тоқсан пайызы Ресейге қосылуды жақтап дауыс берді. Бұл-дағы Украин қоғамының дағдарысын танытатын сынды. Сол себепті де, Ресейдің қитұрқы саясатына қарсы тұрар, елінің ертеңі үшін күресер, санасы азат ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгінің міндеті. Идеологиясыз қоғам болуға ұмтылудамыз. Алайда, ұлтсыз мемлекет болмайтынын ұмытпауымыз керек. Осы ретте Ресей саясаткерлерінің ақпараттық шабуылының үдеп кетуі, Батыс Қазақстан мен Петропавл қаласындағы биыл мамырдың 9-ындағы Ресей туын тігіп алып, «Біз Ресей үшін, біз Сталин үшін» деген автошеруге шығуы, кейбір арам пиғылдылардың «Национальное освободительное движение» қозғалысына қосылып, «Петропавл наш, Северный Казахстан наш» деп «Вконтакте» әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашып, сепаратистік ұрандарды ашық жүргізе бастауы, қарағандылық зейнеткерлердің Ресейге қосылу жайлы референдумды қайта өткізейік деп бас көтеруі, қостанайлық бір топ тұрғындардың Донбасстағы ресейлік сепаратистерге қолдау көрсетіп, шеру ұйымдастыруы, «Шығыс Қазақстан республикасын» құруға талпынғандардың заңсыз әрекеттері – біздің билікті де ойландырған секілді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
275

Еще по теме

ТАРИХ САХНАСЫНДА 550 ЖЫЛ! ПУТИНГЕ РЕСМИ ЖАУАП ҚАЙТАРЫЛДЫ - Yvision.kz