ҚАЗАҚ БЛОГШЫЛАРЫНА АҚША ТАБУҒА НЕ КЕДЕРГІ?

«Блог-платформа Your Vision» компаниясы – «Forbes Казахстан» журналының рейтингісі бойынша «Қазақстандағы ірі 50 интернет-компания» қатарына енген жалғыз блогтұғыр.
Закон.кз-тен кейінгі орынды иеленген сайттың жылдық қаржы айналымы 1 млн 5 мың АҚШ долларын құрайды. Рейтинг бойынша Ювижн қазақстандық ақпарат кеңістігіндегі атышулы Тенгриньюс сайтын артқа тастады.
Yvision.kz Қазақстанда блог деген ұғым енді пайда болып жатқанда құрылды. 2008 жылы Алматы қаласында Станислав Игнатов, Рауан Маемиров және Бекежан Кембаев атты азаматтар Ювижн сайтын ашуға мұрындық болды.
Әлемдік кеңістікті жаулаған жаңа медиатехнология қазақстандық кәсіпкерлерді тың ойға жетеледі. Жас жігіттер қазнетті көркейтеміз, азаматтық журналистиканы дамытамыз деген жалаң ойды көксеген жоқ. Коммерцияны дөңгелетуге ғаламтордың шексіз ықпалын түйсінген алматылықтар жалпыға ортақ сайт ашуды қолға алады. Осылайша Ювижн коммерциялық жоба болып дүниеге келді. Дегенмен блогинг дамымай тұрып, қаржы табу мүмкін емес еді. Алғашқы жылдары Ювижн қазақстандық қолданушыларға интернетте блог ашу мен танымал болуға жағдай жасады. Арада 4 жыл өткеннен кейін ғана Ювижн командасы өзінің алғашқы табысына қол жеткізді. Соңғы екі жылдың ішінде жарнама мен тапсырыстардың нәтижесінде Ювижн сайты қаржылық қуатын еселеп, Форбс журналының рейтингісіне енуге мүмкіндік алды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
