ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ НЫҚ
Астана қаласы білім басқармасының деректеріне сәйкес, 2013-2014 оқу жылында 89553 мектеп оқушысының 27286-сы барлық деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми, интеллектуалдық конкурстарға қатысыпты. Бұл оқушылардың жалпы санының 25 пайызын құрайды. Бұдан басқа, өткен жылы елордалық 269 оқушы Америка, Албания, Бразилия, Грузия, Индонезия, Голландия, Румыния, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Швеция, Жапония елдерінде өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, 188 медаль иеленген. Оның ішінде 53 алтын, 60 күміс, 75 қола медальдер бар.
Әрине, бұл – тек оқушылардың ғана емес, ата-аналары мен ұстаздарының ортақ жетістігі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

