ҒАЖАЙЫП ҚҰМЫРА
Зейнолла ШҮКIРОВ I Сарытөбенiң басына шыққан кезде артыма қайырылып бiр қарадым. Лагерьде қатты қорқатын адамым – Асан. Рұқсатсыз аяғыңды қия бастырмайды. Сондықтан бала бiткен түскi демалыс сағатында төсекке қисайған кезде аңдып жатып, тайып тұрғанмын. Әне, лагерь! Шифер шатырлы, екi қабат, аппақ үй бiр шақырымдай артта қалыпты. Алыста өзiмiз күнде шомылатын теңiз бетi жарқырап көрiнедi. Қазiр бiр жан жоқ, бүкiл жағалау жым-жырт... Ендi қайта бұрылып, Болатбектер кеткен жаққа қараймын. Олар жолға шыққалы толық бiр сағат та өткен жоқ. Көп болғанда анау жаққа бара жатқан шығар, керек. Сонан кейiн ертпей көрсiн... Лагерьдi қайта таба алмаймын деп, қиғылықты салайын бiр. Сосын амалдары жоқ, бiрге алып кетедi. Болатбек ертпекшi едi, бәрiн iстеген Асан. «Әлi кiшкентай, жорыққа жарамайды», – де…