Перейти к содержимому
kitap2

kitap2

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

81

комменты

0

подписчика

3

подписок

0

БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ

Ыбырай Алтынсарин БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты: – Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық. Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүр-леуге түсiп жүре бердi. Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады: – Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi: – Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар…

2
0
5533

АТЫМТАЙ ЖОМАРТ

Ыбырай Алтынсарин АТЫМТАЙ ЖОМАРТ Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн.…

1
0
4789

ӨРМЕКШI, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ

Ыбырай Алтынсарин ӨРМЕКШI, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда атасы айтты: – Олай болса, шырағым, ол кiшкентай жәндiктер саған үлгi. Өрмекшi маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзiне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бiр нанның уалшығын тапқан соң өзi жемей, аузына тiстеп, қуанғаннан үйiне жүгiрiп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя iстеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бiр жан жоқ. Сенi де құ-дайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс iстеуге әде…

1
0
3738