АҢШЫ БАЛАЛАРЫ
Мағзұм СҮНДЕТОВ АҢШЫ БАЛАЛАРЫ Баяғыда бiр аңшы екi баласымен елсiз-күнсiз аралда өмiр сүрiптi. Аңшы мекен еткен арал малынған орман, аң мен құсы қисапсыз екен. Сөйтiп, әлгi аңшының екi баласы өзi ойлағандай өр, адал, әрi қайырымды, әрi ер, құралайды көзiнен атқан мерген болып ер жетiптi. – Жолбарыстай жыртқышты аңшының аңшысы ұстайды. Сақ болыңдар. Iзiн көрсеңдер, әуелi маған хабарлаңдар, – дейдi қарт аңшы екi ұлын әрi сақтандырып. Күндердiң бiр күнi үлкен ұлы Жүнiс аңнан жалғыз қайтады. Көңiлсiз, жүрiсi де сылбыр, дел-сал. – Балам. Еңсең неге түсiп кеткен? Не болды? Арал тыныш па? Бұл жерде сенi өкпелеткендей кiм бар? – дедi де, қарт баласының ренiш дегеннiң не екен бiл-мейтiндiгi есiне түсiп, iркiле бердi. – Әлде Оспанжанға... – Жо-жоқ... Оспанға түк те болған жоқ, көке. Ол қазiр келедi…
