Перейти к содержимому
kitap12

kitap12

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

9

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

АПАТ

АПАТ Күн ұяға қонар алдында ала жаздай құз-қабырғалары ой көзін шектеп тастаған жиһангездер ойпатта не болып жатқанын көру үшін жотаның жарына шықты. Санников жерінің түстік беткейі жаз дегеннің не екенін көрмегендей тұтас ақ қар жамылып, етектен бес шақырымға дейін қалың мұз құрсанып жатқан теңізге шымылдық боп түсіп тұр. Одан әрі айдынында сеңдер мен тұтас мұзды алаңдар қалқыған кең шалқар су түстік көкжиекке дейін көсіліп жатыр. Қайықпен өту үшін бұл теңіз тым шалқар, оның үстіне байдаркаға бүкіл жүк пен адамдар, иттер сыймайды. Күзгі аяздар теңізді қатырып, шық айдынның тарылғанын күту керек, не мұз әрі қарай түстікке созылып жатуы мүмкін деген үмітпен шығысқа тарту керек, екінші жағынан Қазандық аралына жақын отырып, оңтайлы сәті келгенде ауысып түсе қою қажет. – Біз қазір кемесі апа…

0
0
450

НИКИТАНЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ

НИКИТАНЫҢ БАСТАНКЕШКЕНДЕРІ Жолдастары кеткен күні Горохов кешірек тұрды, оның өзін де самбырлаған әйелдердің даусы оятып жіберді. – Аннуир қайда? Байқайсыңдар ма, түнде ол байына, әлгі ақ сиқыршыға қашып кеткен ғой, тегі! Тыйым салғанды тыңдамағаны да! – Барып осында алып келіңдер! – деген Амнундактың үні гүр ете түсті. – Келмесе, шашынан сүйреп әкеліңдер, – деген әйел даусы қостады оны. Осыны есітіп, жолдастарының бүгін түнде кетеміз дегені есіне түсіп, Гороховтың көңілі құлазып қалды. Олардың кеткен-кетпегенін білу үшін жалма-жан киіне бастады. Ол киініп болғанша Аннуирге жіберген Аннуэн мен екі әйел де келіп үлгеріп, өкінішті үнмен былай деді: – Үй бос тұр, Аннуир де жоқ, ақ сиқыршылар да жоқ, жалғыз ғана ит қалыпты. – Жақсылап қарадыңдар ма? Тегі, олар көрпесін тұйықтап алып ұйықтап ж…

0
0
432

ҚАШЫП ШЫҒУ

ҚАШЫП ШЫҒУ Бағана қас қарайып келе жатқанда-ақ Горохов өз төсегінің тұсынан жертөленің сырт жағындағы шымын алып, қармен жауып қойған. Жерге қадай сап, үргіге қадап қойған бірнеше сырғауылды қазір еш сиқырсыз суырып алуға болады. Таң алдында, әсіресе, ұйқы қатты қысып, күзетшілер қалғыған тұста сол тесіктен білдіртпей сыртқа шығуға мүмкіндік бар. Аннуирдің өнегесін ұстанып Раку де бірге кетеді деген Гороховтың үміті күшті еді. Қоржынын да қамдап қойған- ды. Раку қысқы киімін киіп ап жүрген. Қашып кеткенін таңертең ғана біледі, себебі төсек орнында қалады. Пеструха да әзір жата тұрады – кейін іздеп тауып жетер, тесікті сыртынан жауып тастайды. Қапелімде абыржып олар жиналып үлгергенше, бұлар он шақты шақырым ұзап та кетеді, екі жұп әйел шаңғысы да сайланып, кешкісін қарға жасырылған-ды. Ра…

0
0
478

БАҚСЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

БАҚСЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ Горохов каналдан алысырақ жаққа қарай бұрылып, алаңқай мен айдынның толқыны жетпейтін, жетсе де әлсіреп жететін шоққа келіп, қайығын бір ағашқа байлап, көрпеге оранып түбіне көсіліп жата қалып, толқынмен сәл тербеліп ұйықтап та кетті. Ол Пеструханың ұлыған даусынан кеш оянды. Көзін ашып ол түнде су көп көтеріліп, қайықты ағаштың бұтақтарына апарып қысып тастағанын көрді. Иттің қысылғаны сонша, ол сорлы тіпті қозғала алмай қалыпты Оны босату үшін бірқатар бұтақты пышақпен кесіп түсіруге тура келді. Горохов судың тереңдігін өлшеп көрейін деп еді, түбіне жете алмады, ескегі мен қолын қосқанда екі метрден кем емес-ті. «Топан су деген осы! – деп ойлады якут. – Жолда енді еш жануарды кездестірмейсің: қашып құтыла алмағандары қарық болды». Тұтқыннан босанған Пеструха иіскелеп…

0
0
408

ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК

ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғын ұйымдастыра қоймайды деген оймен тұра қашты, түн оның бой тасалауына мүмкіндік туғызады, тақа болмаса тағы да ағаш басына жасырынады. Бұта-бұтаның арасынан ол күндіз келген сүрлеуіне жүгіріп шығып, мүлкі мен итін тыққан терегін тапқанша кідіріп тұрып қалды. Қуғын көрінсе-ақ қоржын қалған ағашқа шығу керек, көрпе мен азық-түлік аш-жалаңаш болмай, түнді жоқ-жітіксіз өткізуге жағдай жасайды, ал жүкпен әрі қарай шапшаң жылжи алмайсың, суға дейін әлі екі шақырым жер бар. Ол тоқтап тың тыңдады, әуелі бәрі тып-тыныш еді, артынан дабыра дауыс шығып, алыстан алаулар жалтылдады. Тегі, онкилондар шырақ ұстап, мұның соңына түссе керек. Көп ойланып жаппай, Горохов ағаштың басына шықты да, өз мүлкін жоғарырақ көтеруге кірісті. Кездес…

0
0
516

ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ

ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқа қарай жылжыды, алайда қайда болсын мұз берік емес, жаз өтіп шуақпен аяз алмасып тұрса да, теңіз толық қатпай, жылыда еріп жұмсарған сіреу сеңдердің де беті тегістелмей қойды. Қыстың басын күте тұруға тура келеді, ал ол үшін Толльдің салған лашығы бар, отқа жағуға жағадан салынды ағаш жинап алуға болатын, тіпті ақ аю мен терістік бұғысын аулап азық-түлік толықтыратын Беннетта аралына жету керек. Бақытқа қарай Санников жері мен арал арасындағы мұз жазда бұзылмай аман қалыпты, соның арқасында терістікке қарай шағын ғана шеңбер жасап, он күнде Беннеттаға да келіп жетті. Никифоровтың жаздай жинаған қорынан иттерге деп алған ет таусылып, соңғы үш күн бойы отын болмай қалған кез еді бұл. Түнерген құз-тасты қу тақыр…

0
0
567

АКАДЕМИК АЛДЫНДА

АКАДЕМИК АЛДЫНДА Алыс жолдың ауыртпалығы мен азабынан айығу үшін жиһангездер Никифоровтың үйінде бір апта бойы дем алды, тек тамақ ішуге ғана тұрып, ұйықтай берді, ұйықтай берді. Оның үстіне қысқы поляр түні мен сақылдаған сары аяз, осынау самарқау өлке тұрғындарын енжар тартқызып, қызу қарекетке мойнын жар бергізбеді де. Анқау Аннуирге екі жүзге тарта ғана үйі бар күйкі Казачье керемет бір шаһардай әсер етті, себебі ол шатырлы үйлерді, мұржалы пештерді, терезе, үстел, орындық, кереует дегендерді тумысында тұңғыш рет көріп, жерден басқа орында отыруға, ұйықтауға болатынын, тізерлемей-ақ тамақ ішу мүмкін екенін алғаш біліп отыр, кейбірі күлкілі, тіпті керексіз сияқтанғанмен, үйренуге тура келгеннің бәрі оған таңғажайып тәрізді. Қыруар жаңалық ашқан, алайда бір адамы өліп, күллі коллекциясы…

0
0
407

СОҢҒЫ СӨЗ

СОҢҒЫ СӨЗ Горюнов пен серіктерінің Санников жерінде бастан кешіргендерімен таныса келіп, жас оқырманның авторға мынадай сұрақтар қоюы заңды: Солтүстік поляр теңізінде жасырынып жатқан осынау жер жалпы бар ма еді? Себебі бұл кітап – ғылыми фантастикалық роман ғой?.. Оқырманның бұл сұрағына автор: осынау беймәлім жерге саяхат шынында да ойдан шығарылған деп жауап береді. Ал осы кезде Санников жері бар ма деген мәселені Арктикада жүргізілген жаңа советтік зерттеулер шешіп берді. Санников пен Толльдің бақылауларына қарағанда, бұл жер жүз жыл шамасы бұрын болған да, бертін келе жойылып кеткен. Біздің поляр зерттеушілер барлаған Мұзды мұхиттың шығыс бөлегі төңірегінде жүзіп жүретін аралдар бар. Совет ғалымдарының соны зерттеулері адмирал С.О.Макаровтың 1899 жылдың өзінде-ақ жасаған Мұзды мұхитт…

0
0
654

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ЖИҺАНГЕЗ ЖАЗУШЫ

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ,ЖИҺАНГЕЗ ЖАЗУШЫ Жасы тоқсанға тақап қалғанына қарамай әлі де қунақ қария жүгіріп кеп амандасып, қол алысқасын-ақ қонағын бөлмесіне бастай жөнелді. Аядай бөлменің бар байлығы кітап қана көрінеді: пештің иығына дейін иін тіресіп тұр. Жиһаз дегеннен бір кісілік кереует пен шағын шәкірт столы ғана көзге түседі. Аты әлемге әйгілі академиктің жұпыны тұрмысына таңырқаған әскери адам ұсынған орындыққа жайғасып жатып, алдында асықтай үйірілген келісті қалың сақалының ұшы бұйралана біткен аққудай аппақ шалға, үсті үйме-жүйме кітап пен жартылай жазылған қағаздан көрінбей кеткен үстелге алма-кезек қарады. Оның ойын сезе қалған сүңғыла қарт: «Ә, бұл үстелдің сатып алынған ағашы қымбат емес, үстінде жазылған қағазы қымбат!» деп жымиып қойып, қағаздарын сәл жинастырды да, көзілдірігін алып,…

0
0
1581