ПЕТРОПАВЛДА «102» АРНАСЫНЫҢ КЕЗЕКШІ АУЫСЫМЫ КҮН САЙЫН 350-ГЕ ТАРТА ҚОҢЫРАУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Жедел басқару орталығы – тәулік бойы жұмыс істейтін бөлініс. Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылы «102» пультіне 127353 қоңырау келіп түскен. Бұл – тәулігіне шамамен 350 қоңырау. Полицияның жедел әрекет етуін қажет ететін қылмыстар мен оқиғалар жайлы 17307 шақырту болды.
Келіп түскен шақыртуларды тексеру нәтижесінде 2569 қылмыс «ізін суытпай» ашылды.
«Кезекшілікке түсетін офицерлер полицияның кешенді күштеріне басшылық жүргізіп, жасалған қылмыстар мен із-түссіз жоғалғандар бойынша бағдарлар жасайды. Сонымен бірге, оқиға орнына жедел-тергеу тобының уақтылы келуі де олардың бақылауында. Олар GPS технологиясының көмегімен жасақтардың қызмет өткеруін қадағалап отырады», - дейді СҚО ПД Жедел жоспарлау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бақытжан Әлбеков.
Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау операторлары да тоқтаусыз жұмыс істейді. Бір жылдың ішінде олармен 17160 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1605-і – қоғамдық тәртіпті бұзушылық. Сондай-ақ, қылмыстардың ашылуына септігін тигізген 169 факті анықталды. Күдікті тұлғалардың белгілеріне ұқсас азаматтарды бейнебақылау жүйесі арқылы іздеудің арқасында ұрлықтар, көлік айдап әкету, дене жарақттарын келтіру сияқты 456 қылмыс ашылды.
Бақытжан Әлбековтің айтуынша, жыл бойы петропавлдық полиция жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне де ерекше көңіл бөлінген. Кризистік жағдайлар туындаған кездегі полицияның әрекеттері 28 оқу-жаттығу сабағында пысықталды.


СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
