СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Пәтерге үміткерлер көп екендігін айтып, қоңырауға әйел адам жауап берген. Пәтерге қатты мұқтаж жандар Qiwi-кошелёкке алдын ала төлем жасап отырған. Қаскөй өзін түрлі бөтен есімдермен таныстырып, сөзін растау үшін жәбірленушілерге WhatsApp арқылы жеке куәлігіндегі фотосуреті деп бөтеннің суретін жіберіп тұрған. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған.
Тергеу барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін Павлодар қаласының 24-жасар тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлімі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
«Алаяқтық схемасының көптеген түрлері бар, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. - Алайда, қаскөйлер олардың барлығында дерлік психологиялық айла-амалдарды қолданады: бір жағынан - нарықтағыдан төмен баға ұсынады, екінші жағынан - адамға ойлануға мұрша бермей, жедел шешуге негіз ойлап табады. Тиімді ұсыныс екендігін, пәтерден айырылып қалатындығын алға тарту - бұл, алаяқтықтың сенімді әдістерінің бірі».
Алдап-арбау тәсілдерінің алуан түрлілігіне қарамастан, олардан қорғанудың негізгі түрлері қарапайым. Біріншіден, төмен бағаларға және оңай олжаға кенелу сияқты барынша қызықтыратын ұсыныстарға сенуге болмайды. Мәселен, интернеттегі «ақшаны көбейту» туралы жарнамаларға және спорттық шараларға болжам жасау жарнамаларына қатты мән бермеу керек.
Екіншіден, әлеуметтік желілердегі OLX, «Колёса», «Крыша» және т.б. сияқты танымал сервистердегі жарнамаларға қызығушылық танытқан жағдайда, алдын ала төлем жасауға келіспеу қажет.
Үшіншіден, ақша беру кезінде міндетті түрде пәтерді жалға тапсыруға, тауарлар мен қызмет түрлерін көрсетуге құқығы бар адаммен мәміле жасап тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Мессенджерлер арқылы жолданатын жеке куәлік суреттеріне сенуге болмайды.
Төртіншіден, ешқашан және ешкімге құжаттарыңыздың суретін жолдамау керек, әйтпегенде көшірмелер қылмыскерлермен қылмыстық мақсатта пайдаланылады. Егер сіз жоғалған құжат тауып алып, иесіне қайтарғыңыз келсе, тауып алған құжаттың суретін салмай, жазбаша хабарландырумен шектелгеніңіз абзал. Бұл әккі алаяқтардың қулығын іске асыруға себепші болуы мүмкін.
Бұл банк карталары мен түбіртек суреттеріне де қатысты. Алаяқтықтың жиі қолданылатын әдісі – карта нөмірін және SMS-хабарламамен келетін төрт саннан тұратын кодты қолға түсіру. Карта мен код арқылы алаяқтар банктік жинақтарға қол жеткізеді. Жеке және қаржылық сияқты құпия деректерге мұқият болу қажет.
СҚО ПД Баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
