Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР»

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді.

Дәмханалар, компьютерлік клубтар, сауда үйлері – сағат 23.00-ден кейін дәл осы орындар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың назарында. Облыс орталығындағы колледждердің бірінде білім алып жүрген 17 жастағы оқушы, түнгі уақытта ересектердің ілесіп жүруінсіз қаланың ортасындағы сауда үйлерінің бірінде тәртіп сақшыларының назарына ілінді.

Жасөспірім полицияның жылжымалы пунктіне шақырылып, онымен профилактикалық түрдегі әңгімелесу жүргізілді. Оның түнгі қалада жалғыз өзі жүруі құқық бұзушылық екені айтылып, көшеде тым кеш серуендеуі оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге ұрындыруы мүмкін екендігі түсіндірілді.

Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұхатовтың айтуынша, аталған факті бойынша жасөспірімнің заңды өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптың санкциясы ескерту салуды көздейді.

«Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде петропавлдық полицейлермен 40-қа тарта әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың жартысынан астамы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуы үшін және заңды өкілдерсіз үй-жайдан тыс жүруі үшін. Тұрғылықты мекенжайлары бойынша 39 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатқан тұрмысы төмен 36 отбасы тексерілді. Аз қамтылған 3 отбасы профилактикалық есепке қойылды. Қалалық полиция басқармасында айтып өткендей, профилактикалық рейдтер апта сайын демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндері де жүргізіледі екен.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
1988

Еще по теме

«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» - Yvision.kz