СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БІР АЙДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА 145 ҚАРУ ИЕСІНЕ РҰҚСАТ БЕРДІ
12 қаңтардан бастап қазақстандықтар жаңа ереже бойынша қаруларын тіркейтін болады. Бұдан былай полиция қаруды сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және тасымалдауға рұқсатты электронды түрде - www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы ғана береді. «Бұл халыққа жайлы болу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін істеліп жатыр, - дейді СҚО Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі тобының бастығы полиция подполковнигі Юрий Семенько. – Қаруды сатып алуға ниет білдірген адам барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді өз үйінде «электрондық үкімет» порталы, немесе ХКҚО арқылы ала алады, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның бар болуы және талап етілетін құжаттар пакетін зерделеу міндетті». Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, қажетті қ…