Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАЛ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН АУЫЛДЫҢ ТӨРТ ТҰРҒЫНЫН ҰСТАДЫ

Уәлиханов ауданы полиция бөліміне Мортық, Тілеусай ауылдары және аудан орталығы Кішкенекөл тұрғындарынан аулаларынан мал ұрланды деген хабарламалар келіп түсті. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен Кішкенекөлдің 1997-1998 жылдары туған төрт тұрғыны анықталды. Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжановтің айтуынша, қаскөйлердің қойларды сату үшін ұрлағаны анықталды. Тергеу әрекеттері барысында ауыл тұрғындарынан ұрланған жануарлар иелеріне қайтарылды. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы қолданылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Бұдан бөлек, күдіктілердің бірінің үйінің жанындағы көлікжайдан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылды. Сараптама көрсеткендей, салмағы 250 грамды құрайтын алынған зат «марихуана» есірткі заты болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі «Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

СҚО ПД баспаөсз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
357

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАЛ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН АУЫЛДЫҢ ТӨРТ ТҰРҒЫНЫН ҰСТАДЫ - Yvision.kz