Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАДЫ

Аудандағы мектептердің барлығынан келген қатысушылар іс-шараға «Жастар өмірді таңдайды» инсталляциялар түріндегі көрме экспозициясын өз қолдарымен жасады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов мамлюттік мектеп оқушыларының креативті ойлау қабілеттеріне таңданысын білдірді. Әскери генералды спорт, салауатты өмір салты, есірткіге қарсы берік ұстанымы сынды өмірдің құндылықтарын жете түсініп, бағалай білетін балалардың жұмысы мен әңгімелері ерекше әсерге бөледі.

Қара тормен шырмалған ақ түсті ағаш; инелер қадалған қисайған пішін; гүлдермен безендірілген жер шары және табытқа ұқсас қара түсті қорап түріндегі атипод, - ауданның 17 мектебінен келген ұлдар мен қыздардың қиялындарында шек болған жоқ. Әр инсталляция шағын әңгімемен жалғасқан балалардың терең философиясына толы болды.

Көрсетілімге қатысушылардың назарына біздің облыста синтетикалық есірткілердің құрбандары туралы «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» деректі фильмі. СҚО Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жандос Басыбаев бағдарламаны көрсетіп, оның негізгі бағыттарына тоқтала кетіп, бар проблемаларымен ашық бөлісті. Бұл мамандарды тарта отырып, есірткіге тәуелді адамдарды анықтау технологияларына оқыту қажет; жаңа психобелсенді препараттарды зерттеу үшін құралдарды сатып алу; бар маман-сарапшыларды қайта даярлау үшін синтетикалық есірткілерді зерттеу бойынша арнайы курсты қаржыландыру қажеттігін атап кетті. Ең бастысы – мектеп оқушылары мен жастардың демалыс уақытын ұйымдастыру, оларды бір іспен айналысуға және спортпен шұғылдануға тарту.

Аудан әкімі Руслан Анбаев өз сөзінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық мекемелер мен жастардың есірткілерді таратуға қарсы күресте, халықтың ақпаратпен қамтамасыз етуде күш-жігерлерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Облысымызға жұмыс бабымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасындағы өзгерістер бойынша парламентарийлердің жұмысы туралы айта кетті. «Полиция департаменті нашақорлық проблемасын ғана емес, синтетикалық есірткілерді тарату проблемасына да тоқталып, жан-жақты ойластырылған бағдарлама әзірлеп, оларды шешудің жолын көрсетті.. Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу проблемасын жариялы шешу керек» - деп айта кетті мажілісмен.

Көрсетілімді облыстық Полиция департаменті Мәдени орталығының ұжымы жалғастырды. Полина Горковенко басқаратын «Радуга» мамлюттік көркемөнерпаздар ұжымы залға қуаныш сыйлап, қызықты билерімен тәнті етті. Іс-шара аудан орталығының мектеп оқушылары ұйымдастырған флеш-мобпен, көпшіліктің «Есірткіге жол жоқ!» - «Я против наркотиков!» деген ұранмен аспанға түрлі түсті шарларды ұшырумен аяқталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
1466

Еще по теме

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАДЫ - Yvision.kz