ПЕТРОПАВЛДА ПОЛИЦЕЙЛЕР АБАТТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАН 1800-ДЕН АСТАМ БҰЗУШЫҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Облыс орталығының келбеті жылдан жылға түрленіп келеді. Ағымдағы жылдың басынан Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері абаттандыру ережелерінің бұзушылықтарын анықтау үшін 40-қа жуық мақсатты рейд жүргізді. Жұмыс қалалық әкімдіктің өкілдерімен бірге жүргізілді. Рейд кезінде тәртіп сақшылары қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аударды. Тұрғындармен және қонақтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, оларға ұсақ құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, іргелес орналасқан аумақты абаттандыру жөнінде жадынамалар таратылды. Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, облыс орталығының аумағында 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Күн сайын құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуг…