ПЕТРОПАВЛДА ПОЛИЦЕЙЛЕР АБАТТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАН 1800-ДЕН АСТАМ БҰЗУШЫҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Облыс орталығының келбеті жылдан жылға түрленіп келеді. Ағымдағы жылдың басынан Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері абаттандыру ережелерінің бұзушылықтарын анықтау үшін 40-қа жуық мақсатты рейд жүргізді. Жұмыс қалалық әкімдіктің өкілдерімен бірге жүргізілді. Рейд кезінде тәртіп сақшылары қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аударды. Тұрғындармен және қонақтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, оларға ұсақ құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, іргелес орналасқан аумақты абаттандыру жөнінде жадынамалар таратылды.
Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, облыс орталығының аумағында 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Күн сайын құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге 53 учаскелік полиция инспекторы тартылады.
Жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 505-бабы бойынша облыс орталығында 1912 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 54 құқық бұзушыға айыппұл салынды. Қалғанына (1.858) - ескерту жасалды. Талдау көрсеткендей, абаттандыру ережелері Петропавлдың жеке секторында жиі бұзылады. Жыл басынан Ойқала ауданының учаскелік полиция инспекторлары 246 әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды. Маусым айында жергілікті полиция қызметі бөліністерінің учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамы ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 366 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 345 бұзушы ескертілді, 21-не айыппұл салынды.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру жұмысы қалалық полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында тұрғанын атап өтті. Практика көрсеткендей, қоқыс лақтыруға және ұсақ бұзақылыққа дер кезінде ден қою коммуналдық қызметтер мен қала тұрғындарының еңбегін жоққа шығаруға жол бермейді.
Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ҚР ӘҚБтК 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» санкциясымен жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделгенін еске салады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бұзушылық бір жылдың ішінде қайтадан жасалатын болса, жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі
