«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙI «МУЗЕОЛОГ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ.
2004 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросымен жасалған келісім негізінде ҚР МОМ (Мемлекеттік Орталық Музейі) «Музеолог» электронды каталогтау бағдарламасын Орта Азия және Қазақстан музейлеріне енгізу бойынша үйлестірушілік және әдістемелік қызмет көрсете бастады.
Шілде айында, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Музеолог» бағдарламасын енгізіп, аталған бағдарламамен жұмыс жасауды бастап кетті. Музей қызметкерлері бағдарлама арқылы материал жинақтау, ескерткіштер жайлы мәліметтер алу, ғылыми мақалалар жазуда қажетті ақпаратты жүйелеу мен өңдеуде қомақты көмек көрсететініне сенімді.
Бұл бағдарлама жайлы қысқаша айта кетсек, «Музеолог» - музей коллекцияларының ақпараттық каталогын құруға арналған компьютерлік бағдарлама, яғни виртуалды түгендеу карточкалары бар электронды каталог.
Айта кетерлік жайт электронды каталогтау бағдарламасы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қор коллекцияларымен жылдам жүргізуге мүмкіндік береді.
