Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЭКСПЕДИЦИЯ 25» ЖОБАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДА».

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне «Экспедиция 25» жобасының мүшелері келді. Атаулы жоба «Хабар» агенттігі, Қазақ географиялық қоғамы және «Арша Медиа» студиясы бірлесіп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жаңа реалити шоу. Экспедицияға қатысушылар 108 күн ішінде жол талғамайтын 5 темір тұлпармен Қазақстан аумағы бойынша 25 мың шақырым жерді жүріп өтпек. Астана қаласынан 6 шілде күні шыққан экспедиция мүшелері Қарқаралы, Бектау ата, Балқаш сынды бірқатар қала мен елді мекендерде болған. Енді Түркістан қаласынан ежелгі Сауран шаһарын барып тамашалап ары қарай Қызылордаға жолға шығады. Құрамында ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері бар жобаның мақсаты еліміздің сәулетті ескерткіштері мен тамаша өлкелерін кеңінен насихаттау. Жоба соңында ұйымдастырушылар экспедиция картасын және Қазақстанның өңірлеріне саяхат жасау бағыттары бойынша анықтама әзірлемек.

"Әзірет Сұлтан" қорық музейінің баспасөз қызметі

 
0
0
385

Еще по теме

«ЭКСПЕДИЦИЯ 25» ЖОБАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАНДА». - Yvision.kz