Діни сауаттылық: адасудан қорғайтын қалқан Қазіргі заманда ақпарат ағыны күн сайын артып, әлеуметтік желілер арқылы түрлі діни мазмұндар бі
Діни сауаттылық: адасудан қорғайтын қалқанҚазіргі заманда ақпарат ағыны күн сайын артып, әлеуметтік желілер арқылы түрлі діни мазмұндар бірнеше секундта миллиондаған адамға жетеді. Бірақ осы ағынның ішінде шынайы білім мен жалған уағыздың арасын ажырату оңай емес. Діни сауаттылық дәл осы жерде адасудан қорғайтын қалқан ретінде көмекке келеді. Ол адамды радикалды ағымдардың, деструктивті топтардың ықпалынан сақтап, рухани тыныштық пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Діни сауаттылықтың төмендігі көптеген адамды, әсіресе жастарды жалған ағымдардың жетегіне ілестіреді. Қазақстанда жүргізілген зерттеулер мен сараптамалар көрсеткендей, экстремистік топтарға қосылғандардың басым бөлігі діни білімі жеткіліксіз адамдар болып шығады. Олар әлеуметтік желілер арқылы алғашқы «сауаттылықты» алад…
