Әлеуметтік желілерді пайдалы пайдалану – цифрлық мәдениеттің маңызды көрсеткіші Қазіргі ақпараттық қоғамда әлеуметтік желілер адам өмірінің

Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланудың басты артықшылықтарының бірі – білім мен ақпаратқа қолжетімділіктің артуы. Бүгінде пайдаланушылар әлемдік ғылыми жаңалықтармен танысып, онлайн дәрістерге қатысып, шет тілдерін үйреніп, түрлі кәсіби бағыттар бойынша білімдерін жетілдіре алады. Әсіресе жастар үшін әлеуметтік желілер жаңа идеяларды меңгеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби байланыстар орнатуға және өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік желілерді тек көңіл көтеру құралы ретінде емес, өзін-өзі дамыту мен жаңа мүмкіндіктерге бастайтын цифрлық білім кеңістігі ретінде қарастыру маңызды.
Тағы бір жайт, әлеуметтік желілер қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және пайдалы ақпараттарды кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Мәселен, ғылым, мәдениет, тарих, экология, білім беру және рухани құндылықтар тақырыптарындағы сапалы контенттің көбеюі қоғамның танымдық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бірақ оның кері жағы да бар. Ақпараттың шексіз көлемі жағдайында жалған мәліметтер, тексерілмеген деректер және манипуляциялық материалдар пайдаланушылардың көзқарасына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдап, оның дереккөзін тексеріп, сенімді ақпарат көздеріне сүйене білуі қажет. Әсіресе діни, қоғамдық және әлеуметтік тақырыптардағы ақпараттарды тұтыну барысында жауапкершілік пен ақпараттық сауаттылықтың маңызы арта түседі.Әлеуметтік желілердің қоғам өміріндегі маңызы оларды пайдалану мақсаты мен мәдениетіне байланысты. Оларды білім алу, ақпараттық сауаттылықты арттыру, кәсіби даму және қоғамдық игілікке қызмет ету бағытында қолдану – қазіргі заманның маңызды талабы. Саналы цифрлық мәдениет қалыптастыру әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады.
Авторлар: Сайлаубай Аяжан, PhD Тунгатова Улжан. www.kaznu.kz