Үш ауысымды мектеп мәселесін қалай шешеміз?
Еліміз бүгінде білім сапасын арттыру мақсатында бірқатар бағдарламаларды бекітіп, іргелі реформаларды іске асырып жатыр. Десе де, бағдарлама аясында нәтижеге қол жеткізуге кедергі болар өзекті проблемалар бар. Атап айтар болсақ, үш ауысымды оқу үдерісі және мектептегі орын тапшылығы әлі күнге дейін толық шешімін таппаған күрделі мәселе. Осы тұста, «Алматы облысындағы Қарасай ауданында үш ауысымды мектеп мәселесі қашан шешіледі? «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасында бекітілген міндеттер жоспарға сай іске асып жатыр ма?» деген сауалдарға жауап іздеп, арнайы журналистік зерттеу жүргіздім. Естеріңізде болса, білім сапасын арттыруға бөгет болар аталмыш проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру туралы үкім шығарған болатын. Жоба…