Перейти к содержимому

Ел газеті "Егемен"

Елдікті мәңгі сақтау үшін мәртебесі биік, көш басында сап түзейтін басылым дәрежесіне ие болған республикалық басылым – Егемен Қазақстан газеті. Бүгінде жүздеген  тиражы тараған газеттің редакторлары 1919-жылдан бері 38 рет ауысқан. Алғашында өз оқырмандарына «Ұшқын» деген атаумен танылған. Бірінші саны 1919 жылғы 17 желтоқсан жарық көрген. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет етіп, басылымды дамытуға атсалысып, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. 1993 жылға дейін газеттің атауы жеті рет өзгеріп, еліміз егемендігін жариялап жатқан тұста, елдігіміз мәңгі болсын деген мақсатта «Егемен Қазақстан» атауына тоқталды. «Егеменді Қазақстан» деген  атаумен газеттің екі нөмірі шыққан. Кейіннен лингвист, тіл мамандарының талқылауын арқау етіп, сол кезде бас  редактор қызметін  атқарған Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен «ді» жұрнағын алып тастады. Қазақ қоғамында болып жатқан елеулі оқиғаларды басты назарда ұстауға бағытталған газетте кәсіби журналист ретінде Ілияс Жансүгіров қызмет еткен.

Ғасырға жуық тарихы бар «Егемен Қазақстан» газетінің сайты 2005 жылы іске қосылған. Сол уақыттан бастап газет бетінде жарық көрген мақалалардың өзекті де өтімдісі сайтқа жарияланады. Біршама ыңғайлы әрі заман талабына сай бағытта да дамуды көздегенін байқауға болады. 2018 жылдан бастап газеттің атауы «Egemen Qazaqstan» деп латын қаріпімен жазылды. Ел газетіне айналған Егеменнің әр қалада меншікті тілшілері бар. Өткен ғасырларда кеңсе жұмысына қазақ тілін енгізу жөнінде мақала жариялаудан бастау алған баспасөз әлі күнге дейін қазақ ұлтына, тұтас елге қызмет етуде.

          Газеттің қазіргі бас редакторы, тарих ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы бастаған журналистер экономика, саясат, мәдениет, руханият, білім және спорт сынды ауқымды тақырыптарды қамтып мақалалар жазып, зерттеулер жүргізу арқылы ел арасында сапалы ақпарат таратуда. Газеттің шығармашылық тобы, жалпы ұжым қазақ халқына ақпарат таратып қана қоймай, әртүрлі бағытта талдау жасау арқылы елімізде нені дамыту қажет, қай сала назардан тыс қалуда деген сауалдарды ұсынады. Баспасөзге шыққан мәселелер ортаға салынып, шешімін табады. Оқырмандары 30 мыңнан асты.

          Газет бетінде экономика саласы жайлы сөз қаузаған  мақалалардың бірін талдауды жөн көрдім. «Егеменде» тек журналистердің емес, әртүрлі саланың білікті мамандарының да мақалалары жарық көруде. Бұл жайлы экономика бөлімінің журналисті Абай Аймағамбет хабарлады. Кезекті мақалада мұнай-газ саласының білгір маманы Абзал Нарымбетов «Баку-Тбилиси-Жейхан» бағыты біз үшін неге тиімсіз?» деген сауалға жауап беріп, ой-саралап, түйінді түйіткілдерді ортаға салды. Біз жылына  70 млн тонна мұнай экспорттасақ, соның 1,5-2 миллионын ғана Баку арқылы жібереміз. Еліміздің әлеуеті соған ғана жетеді. Осы жөнінде Абзал Нарымбетов мүмкіндіктерді тежеп тұрған факторларды айтты. Осылай сарапшылардың пікірін біліп, мәселелерді анықтау арқылы біз оның шешімін табуға, әрекет етуге көшеміз. Мақалада Қазақстаннан артық ешбір ел БЖТ-ны мұнаймен толтырып бере алмайтынын айтқан. Десе де, ол арқылы тасымалдаудың машақаты да біраз. Тасымалдау шығынын азайту шараларын қолға алмайынша, жақын арада айналымды еселендіру қиын.

«Егемен Қазақстан» газетінің басты ерекшелігі фейк ақпаратқа аса қатты мән беруі. Әртүрлі арандатушы ақпараттар халық арасына іріткі салары сөзсіз. Ал бұл газетте негативті, жалған ақпаратқа жол жоқ. Сондықтан да халықтың көзі, құлағы һәм тілі деуге әбден лайық баспасөз дер едім.

Алчинова Нұрбибі Айтбайқызы

ҚазҰУ журналистика факультетінің 1-курс студенті.

Жетекшісі: Жетекшісі: фил.ғ.к.,доцент Р.Жақсылықбаева

1
0
416

Еще по теме

Ел газеті "Егемен" - Yvision.kz