ЖАҢА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЕСКІ ЖҮЙЕДЕН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Критериалды бағалаудың негізгі пайдасы – оқушылар бағаның соңына түспей, оқу мақсатына қол жеткізуге, білім алуға, бірдеңені игеруге ұмтылады (https://yvision.kz/post/777584). Сонымен қатар, жаңа жүйе бағалау процесі ашық әрі объективті болуы үшін де қабылданғанын айта кеткен жөн. Бұл туралы осы әдістеме авторларының бірі, педагогика ғылымдарының кандидаты, “Назарбаев зияткерлік мектептері” (НЗМ) автономды білім беру ұйымы Педагогикалық өлшем орталығының директоры Айдана Шилибекова айтып берген болатын. Жаңа жүйе осы орталықта жасалып, 6 жыл сынақтан өткізілген (https://yvision.kz/post/776884). Естеріңізге сала кетейік, бағалаудың бұл үлгісі кезең-кезеңімен 2015 жылы басталған: 2016-2017 жылдары жаңартылған мазмұн бойынша 30 пилоттық мектептегі 1-сынып оқушылары оқыды. Ал 2019-2020 жылдар…
