АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ АРДАҚТАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
Ата заңымызды ардақтап, ұлы мерекені ұлықтауға Ұлттық арна ат салысып жатыр. Бүгін айтулы мерекеге орай арнайы шығарылымдар дайындалып, халықтың санасына сіңіретін жақсы жаңалықтар көрсетілуде. Жаңа ғана Бас шаһарымыздың басшысы тәуір тілегін берді. Конституция күні - халықты біріктіретін, елге деген құрметті нығайтатын ұлық мереке деді Астана әкімі . Әр дәуірдің өзіне тән заңдары мен қағидалары болады. Қазақстан Конституциясы - мемлекетіміздің тәуелсіздігін, оның даму бағдары мен басқару принциптерін айқындаған маңызды құжат. Ата заң тәуелсіздігін жаңа алып, өміршең мұраттарға ұмтылған еліміздің тұрақтылығы мен дамуының алтын діңгегіне айналды. Бүгінде Конституция күні халықты біріктіретін, елге деген құрметті нығайтатын ұлық мереке. Заңның үстемдігін орнықтыру, азаматтардың бойында құқы…