ТЕК СЕМЕЙДЕ ЕМЕС, 13 ӨҢІРДЕ 81 АТОМ БОМБАСЫ ЖАРЫЛҒАН
Бүгін осындай атпен жаңалықтардан хабар шықты. Қазақстан телеарнасы күні бойы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай хабар таратты. Біраз айтылмаған деректер айтылды. Расында да біз ядролық сынақтар десе Семейді еске аламыз. Сөйтсек Семейде барлық сыналған атом бомбалардың тек 64 пайызы жарылған. Өз басым бұл ақпаратты бірінші рет естідім. Арал мен Маңғыстауда да жарылыпты, көзімен көрген адамдар сөйледі. Недеген қасірет десеңізші, қара жердің денесіне жара салған сұм сынақтар талай адамның тағдырын қиындатып кетті ғой.
