КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН !
Бүгінгі ұлық мереке – ардақты ата заңымыздың төл мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!
Бүгін Елбасымыз Қазақстан халқын құттықтауында ата заңымыздың негізгі нормаларының арқасында экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатының артуын, халықаралық аренада республика беделінің жоғарылауын қамтамасыз еткен терең реформалар жүргізілгеніне тоқталды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституцияда белгіленген қазақстандық құндылықтар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде көрініс тапты.Ата заңымыздың ғұмыры ұзақ, беделі биік болсын!!!
