Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?!

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?!

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері қандай болған ? Мәліметтерге сүйенсек, тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалған. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алыпты-мыс. Бұл мәліметтерді бүгін Қазақстан телеарнасының эфирінде өткен теле марофонда белді сарапшылар айтты. Бұрын айтылмаған сырлар мен естілмеген құпиялар айтылды.  Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де екен. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастаған. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделген. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырыпты. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жібереді екен, кейбір үйлердің қабырғалары қираған. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалған, не қақырап кеткен қабырғаларды көрген. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарған. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалған.

0
0
369

Еще по теме

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?! - Yvision.kz