АНАМДЫ ЕШҚАШАН КЕШІРМЕЙМІН.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының сауықтыру бөлімшесінің әр күні қарбалас. Жаттығу жасап, нашақорлық , маскүнемдікке тәуелділіктен айыққан адамдар жиын өткізіп , ісмерлікті меңгерушілер тігін тігіп, сурет салып, бірі моншақтарды тізіп , әдемі әшекей жасап, тырнақ бояған емделушілердің тіршілігі қайнап жатыр. Өкінішке қарай оларды рұқсатынсыз суретке түсіруге болмайды. Бөлім меңгерушісі Роза Сүлейменова сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен таныстырды . Емделушілер ұйықтайтын бөлмелерді аралап, болашақтан үмітін үзбеген 32 тағдырдың дәрігерлерге алғысын естідік, енді бірінің көз жасын сүрттік. Олардың кейбірін ата-анасы, туысқандары үйіне жолатпайды. Алып шаһарда өз үйірінен адасқан , осы бір ит тірліктен қажып, тағдырдың бұралаң жолдарынан жоғалтқан бақытын емес, дертіне…