Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қарияларды не мазалайды?

Шаһардың 100- ге тарта қариясын тәжірибелі психиатрлар , психологтар және невропотолог , терапевт , гинекологтар медициналық тексерулерден өткізіп, психологиялық қолдау көрсетті. Сонымен бірге дертіне шипа іздеген ардагерлер ЭКГ, флюрографиялық зерттеулерден де тегін тексеріліп, тіс дәрігеріне де ақысыз емделді.

Орталықтың кәсіби психиатрлары, психологтарының мәліметінше зейнеткерлердің басым бөлігін ұйқысыздық , ұмытшақтық , мінез-құлқының тез құбылатыны мазалайды. Қоғамдық ортадан алшақтап , үйінің төрт қабырғасында оқшауланып, жаны жүдеу қарттар тәбетінің болмайтынын, күн құбылғанда қан қысымының көтерілуі және басы ауырғанда діңкесі құрып кететініне шағымданған. Орталық қызметкерлері ақсақалдар мен ақ жаулықты кейуаналарға кеңес берді. .

- Психикалық сауықтыру орталығының беделді , майталман мамандары қарттарымызға, шаһар тұрғындарына кәсіби медициналық көмек көрсетіп, қамқорлық жасады. Ардагерлерімізді құрметтеу, қамқорлық жасау – баршамыздың парызымыз. «Қарты бар үй қазынасы бар» деп қадірлеген халықпыз. Дертіне ем іздеген зейнеткерлеге есігіміз әрқашан ашық, Мақсатымыз халыққа медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Орталық табалдырығын аттаған барлық тұрғын бүгін тегін емделді, медициналық тексеруден өтті, -дейді Қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев.

Ал Қалалық Психикалық сауықтыру орталығының басшысы ашық есік күніне келушілердің , емделушілердің денсаулығы туралы, жеке басына қатысты мәлімет-деректер өмір бойы құпия сақталатынын және әлеуметтік желілерде ,бұқаралық ақпарат құралдарында емделушілердің суретін жариялауға рұқсат етілмейтінін ескертті.

Ардагерлер жылы сөзі жанға дәру дәрігерлерге ризашылығын үйіп-төкті. Олар өздерін мазалаған көптеген сұрақтарға жауап тапқанын айтып, балаша қуанып, ағынан жарылды.

Журналист Жазира Бегалы

Алматы.

-1
0
804

Еще по теме

Қарияларды не мазалайды? - Yvision.kz