СҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН ПОЛИЦЕЙЛЕР 1000 АСТАМ БАЛАЛАР МІНГЕН 74 АВТОКОЛОННАҒА ІЛЕСІП ЖҮРДІ
... Күні кеше құрамында СҚО ПД ППБ полицейлері полиция аға лейтенанты Жігер Балтабай мен полиция аға сержанты Батырхан Молдажанов болған автопатруль мектеп оқушыларының колоннасына ілесіп жүрген кезде орын алған экстремалды жағдайда батылдық әрі жылдамдылық танытты. Полицейлер жанып жатқан шағын автобустан балаларды шығарып, өрт сөндіргішпен көліктегі отты сөндірмекші болады. Жүргізушімен бірге жанып жатқан автобусты жолдан алыстау жерге итеріп, жиекке шығарған. Сауатты әрекеттерінің арқасында жапа шеккендер болған жоқ, полицейлер балаларды басқа көлікпен аман-есен үйлеріне жеткізді...
...Жардан құлап, өмірімен қош айтыспақ болған қызды құтқаруға ойланбастан бел буған полиция кіші сержанты Денис Комаров солтүстікқазақстандықтардың ықыласына бөленді. Денис бойжеткенді әңгімеге тартып, жанына жақындауға тырысты. Бір кезде қолынан шап беріп ұстап алып, осы сәтте келіп жеткен әріптестерімен қауіпсіз жерге көтерді...
Ардагерлер мен жас 40 полиция қызметкері қатысқан іс-шарада СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев погон таққан ержүрек жігіттерге грамота табыстады. «Қызметкерлеріміздің кез-келген сәтте адамдарға қол ұшын беруге дайын екендігі көңіл қуантады. Осындай фактілер жас қызметкерлер үшін батыл, адал қызмет етудің үлгісіне айналуы тиіс», - деп қызметтеріне алғыс білдірді полиция ведомствосының басшысы. СҚО Білім басқармасының бас маманы Зәмзәгүл Тұрлыбаева іс-шараға арнайы келіп, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Педагог Ұлттық бірыңғай тестілеу, жазғы демалыс, спорттық іс-шаралар кезінде балаларды тасымалдауда полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, көмек көрсететіні туралы айтты: «…тек жыл басынан полиция қызметкерлері 1068 бала мінген көліктерге 74 рет ілесіп жүрген. Олардың қауіпсіздігі үшін алғыс білдіреміз, ата-аналар мен мұғалімдер балаларының өмірін сіздерге сеніп тапсырады...».
Полиция департаментіне қызметке тұруға дайындалып жүрген қызметкерлер мен тәлімгерлер ведомстволық мұражайдан батылдық сабағын алды. Камера назарынан қысылған салтанатты жиынның себепкерлері сұхбаттарын беріп, өздерінің қиын қызметтері жайлы еш боямасыз әңгімеледі...







СҚО ПД баспасөз қызметі
