Ұлы Жібек жолының рухани мұрасы: XII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі
20 қараша күні Алматы қаласындағы Атакент көрме орталығында «Ұлы Жібек жолымен» атты XII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі өтті. Бұл іс-шара қазақ руханияты мен баспа өнерінің дамуына ерекше серпін беріп, әдебиет сүйер қауымды бір арнаға тоғыстырды. Көрмеде елге танымал баспалар мен баспа ісінің майталмандары бас қосты.Көрмеге «Дәуір», «Мазмұндама», «Атамұра», «Алматы кітап», «Алқа», «Мектеп», «Marfu press» секілді танымал баспалар қатысып, өз өнімдерін ұсынды. «Дәуір» баспасы – білім беру саласына арналған кітаптар мен оқу құралдарын шығарумен танымал. Баспаның өнімдері мектеп оқулықтарынан бастап, жоғары оқу орындарына арналған ғылыми-әдістемелік құралдарға дейін кең ауқымды қамтиды. Сондай-ақ, бұл баспа тарихи-танымдық еңбектерді де көптеп басып шығарады.«Мазмұнд…