МАҚТААРАЛДА ДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ ЖАСАҚТАЛДЫ
10 қарашда «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс XХХVIII конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Б.Асанов ашып, жүргізіп отырды. «Nur Otan» партиясының Жарғысына сәйкес өткізілген жиынға бастауыш партия ұйымдарынан 42 делегат сайланған. Конференция жұмысын жүргізу үшін әуелі басшылық органдары, атап айтқанда, жұмысшы төралқасы, мандат комиссиясы, есеп комиссиясы, конференция хатшылығы сайланды. Конференцияның күн тәртібінде: 1. «Nur Otan» партиясының Мақтаарал ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы; 2. Түркістан облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы; 3. «Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы;…
