«Nur Otan» партиясы
Әлеуметтік желіде «МКЛ Логистика» ЖШС-нің қызметкерлері тарапынан жалақылары уақытында төленбеуі бойынша шағым жарияланған болатын. Осы мәселеге байланысты бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС-гі және қызмет көрсетуші «МКЛ Логистика» ЖШС-нің арасындағы келісім шарттың орындалмауына байланысты үш айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген қызметкерлердің мәселесін қарады. Аталған отырысқа «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, партияның Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Досжанов, ҚР Мәжілісіне кандидаттығына үміткер Е.Жанбыршин, «Эмир Ойл» ЖШС-нің мен «МКЛ Логистика» ЖШС-нің өкілдері және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қаты…




