ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Бүгін, ZOOM платформасы арқылы «Механикалық зауыт» ЖШС ұжымымен онлайн кездесу өтті.
Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жүзеге асыру жолдары қаралды.
Жолдауда Мемлекет басшысы елді жаңа жағдайда дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындайды. Осы орайда, іс-шара қатысушылары өнімділікті арттыру мен экономиканы дамыту бағытты туралы қызу талқылау жүргізді.
«Механикалық зауыт» ЖШС директорының орынбасары Муслим Шойынбаев: «Жолдауда экономика әдеттегідей алдыңғы орынға қойылған. Президент «экономика – халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті», дей келе, жаңа экономикалық бағыттың жеті принципін бекітеді. Ол жерде көрсетілгендей «Өнімділіктің өсуі – экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыруына әкеледі», – деген ойын жеткізді.
Айта кету керек, Жолдаудың барлық бағыттарын іске асыру тек кәсіптік кешен қызметкерлерінің ғана емес, басқа да негізгі басымдықтарда жүзеге асатын болады. Нақты айтқанда, аумақтық даму және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты бағытын, сондай-ақ, білім беру, экология, денсаулық сақтау, азаматтардың мүдделерін қорғау, цифрландыру салаларында түбегейлі өзгерістер еңгізілетін болады.
