Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

2020 жылдың 9 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының штабында еңбек қатынастары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді. Қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары – Гүлназ Құлжанова, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары – Бауыржан Атауов және Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекция басқарма басшысының орынбасары – Арман Тұйғынбетов қатысты.

Қабылдау кезінде азаматтар өздерінің еңбек қатынастарындағы мәселелері мен сұрақтарын мүмкіндіктерінше аяқтай келіп те, онлайн негізде де айтып, жауаптарын алды.

Жыл басынан бері облыс бойынша еңбек қатынастарына қатысты қоғамдық қабылдау бөлмесіне 354 өтініш келіп түсті.

Бүгінгі шарада тұрғындардың көтерген кейбір сұрақтары мен мәселелеріне тоқталар болсақ, олар:

- Жалақы мәселесі;

- Денсаулық жағдайына байланысты жұмысынан еріксіз қысқартылулар бойынша;

- Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек шартының бұзылу фактілері, - болып табылады.

Аталмыш мәселерге қатысты «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары – Гүлназ Мағжанқызы және еңбекті қорғау саласы мамандарының қатысуымен сол жерде шешімдер айтылып, азаматтар қосымша кеңестермен ақпараттандырылды.

Жиын соңында, «БҚО Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары – Бауыржан Аяпбергенұлы, аталмыш еңбек дауларының шығуына себепші фактор – жұмыс орындарда кәсіподақ ұйымдарының болмауынан екендігін алға тартып, екі жақты әріптестік-ынтымақтастық меморандум аясында бірлесіп еңбек дауларының алдын-алу ұсынысын жеткізді.

0
0
129

Еще по теме

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ - Yvision.kz